NESE университетке орналастыру қызметтері (NUPS)

Looking For a First-Class English School?

WHY NESE IS THE RIGHT CHOICE!

Мәзір

NESE Құрама Штаттардың колледждері және университеттерінде оқуды жоспарлайтын NESE студенттеріне Университетке орналастыру қызметтерін (NUPS) ұсынады. NESE-нің қызметерін пайдаланған студенттер көптеген басқа да университеттердің арасынан төмендегі колледждер мен университеттерде оқыды.

Менің америкалық университетке түсуіме NESE қалай көмектесе алады?

TOEFL®-сіз университетке қабылдану
 

NESE Бостон ауданында және бүкіл Құрама Штаттар бойынша бірнеше университеттер мен колледждермен қарым-қатынас орнатқан. Бұл қарым-қатынастар NESE студенттеріне ресми TOEFL® емтиханын (және көптеген жағдайларда SAT® немесе GMAT® емтихандарын) тапсырмай-ақ, колледжге немесе университетке өтініш беруге және қабылдануға рұқсат береді. Жеке университетке немесе колледжге байланысты, NESE студенттері ресми TOEFL® емтиханын алмастыратын екі жол бар.

Немесе:

  • NESE-нің ең жоғарғы деңгейін аяқтау (немесе сіз таңдаған университет немесе колледж талап ететін NESE деңгейін) немесе
  • NESE-нің университеттік TOEFL® емтиханында (әр сессия сайын NESE-нің толық оқыту режимінің студенттері үшін тегін ұсынылады) сіз таңдаған университет немесе колледж талап ететін балды жинау.
NESE-нің шартты қабылдау бағдарламасы

NESE студенттерін ресми TOEFL® балынсыз қабылдаумен қоса, NESE-нің арнайы қарым-қатынастар орнатқан колледждер мен университеттерінің көбісі «Шартты қабылдау» бағдарламасын ұсынады. Бағдарламаның атауында көрсетілгендей, қабылдау «шартты» болып табылады; NESE студенттері академиялық курстар басталғанға дейін, ағылшын тілі деңгейлерін университет немесе колледждің талабын қанағаттандыратын деңгейге дейін көтеру шартымен қабылданады. NESE-нің ең жоғары деңгейін аяқтау немесе NESE-нің университеттік TOEFL® емтиханын тапсыру әдетте осы талапты орындайды.

Шартты қабылдау сіз NESE-нің арнайы қарым-қатынас орнатқан колледждері мен университеттеріне сол университет талап ететін ағылшын тілі деңгейіне жетуге дейін немесе тіпті өз еліңізден кетуден бұрын да қабылдана алатыныңызды білдіреді. Бұл қабылдау түрі арқылы сіз тіпті NESE-де ағылшын тілі курстарын бастамай тұрып-ақ, қандай университетке баратыныңызды біле аласыз деген сөз.

CLA дегеніміз не және ол маған не үшін қажет?

СLA (Шартты қабылдау туралы хат) америкалық колледж немесе университеттен келетін хат, онда сіз NESE-де ағылшын тілі талаптарын толықтырған кезде және қабылдау үшін басқа да академиялық талаптарды орындай алатын кезде, өтініш тапсырған тұста қабылданатыныңыз мәлімденеді. Америкалық колледжге немесе университетке шартты түрде қабылданған студенттерге студенттік визала алу үшін сұхбаттасу кезінде осы хаттың көмегі тиеді.

 NUPS-тің мақсаты сіздің жеке қажеттіліктеріңіздің және қабілеттеріңіздің сіз таңдаған академиялық мекемелердің талабына сәйкес келетініне және барлық тапсыру үрдісінде қолдау, көмек және басшылықтың бар екеніне көз жеткізу болып табылады. NESE-нің университеттер бойынша кеңес берудегі бірнеше жылдық тәжірибесі сіздің таңдауыңыздағы бағдарламаға тапсыру және қабылдану оңайырақ болатынын білдіреді. NESE-нің қызметтері (NUPS) мен NESE-де ұсынылған семинарлар, курстар мен бағдарламалар ауқымы NESE студенттеріне көптеген университеттерде оқуын жалғастыруға көмектесті. Мысалы, мыналар жатады:

  • Гарвард университеті (NESE-ге жақын)
  • Калифорния/Беркли университеті (Сан Франциско)
  • МТИ (NESE-ден 2 шақырымдық қашықтықта)
  • RISD (Род-Айленд дизайны мектебі)
  • Бостон университеті (NESE-ден 4 шақырымда)
  • Мичиган мемлекеттік университеті
  • Солтүстік-шығыс университеті (NESE-ден 4 шақырымда)
  • Сиракуз университеті (Нью-Йорк)
  • Саффолк университеті ( NESE-ден 4 шақырымда)
  • Джонс Хопкинс университеті (Мэрилэнд)

Бұл сайт JavaScript, CSS, HTML5 және WebFonts сияқты заманауи технологияларды пайдаланады; сондықтан, бұл заманауи браузерлерде жақсы көрінеді. Біз осы вебсайт үшін негізгі браузер ретінде Google Chrome, Apple Safari немесе Firefox пайдалануды ұсынамыз.

Copyright © 2022 The New England School of English, Inc. All rights reserved.