About NESE

NESE туралы

Looking For a First-Class English School?

WHY NESE IS THE RIGHT CHOICE!

Мәзір

Ұстаздардың арқасында, NESE ағылшын тілін үйренудің теңдессіз орнына айналды.

СОНДЫҚТАН, СІЗДЕРДІ ОЛАРМЕН ЖАҚЫНЫРАҚ ТАНЫСТЫРУДЫ ҚАЛАЙМЫЗ.

Anna Shine, Ed.M., Harvard University
Founder & President of NESE

Анна Шайн (Anna Shine), педагогика ғылымдарының магистрі, Гарвард университеті
NESE негізін қалаушы және президенті

Табысты және зор құрметке ие ұстаз Анна Шайн Гарвард университетінің педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесіне және Мичиган университетінің психология бакалавры дәрежесіне ие. Гарвард университетінде білім алып жүргенде, Шайн ханымның академиялық бағыты табысты мектептің жобасы мен мәдениетіне, сондай-ақ тиімді оқу ортасының сипаттамасына бағытталған еді. NESE-ні ойластыру оған теорияны тәжірибеге ұластыруға мүмкіндік берді, осылайша, ол негізгі принципі әрдайым озық оқыту әдістерін ұстану болып табылатын NESE-ні құрды.

Шайн ханымның тәжірибесі АҚШ пен Еуропада ағылшын тілін оқыту және үйрену бағдарламаларын қамтиды. Ол сондай-ақ, беделді Massachusetts General Hospital-да (Жалпы профильдегі Массачусетс клиникалық ауруханасы) ағылшын тілін оқыту бағдарламасын әзірлеп, басқарды. Жақында, Шайн ханым NESE жетекшісі ретінде, «Boston Globe» газетінің «Әйелдер басқаратын Массачусетстегі ең үздік 100 ұйым» категориясында марапатқа ие болды. Шайн ханым осы 100 көшбасшының ішінде 11-ші орын алды және осы 100 көшбасшының ішінде оқытушы болып табылатын жалғыз адам болды.

Шайн ханым Ұлыбританияда дүниеге келгенімен, Америка Құрама Штаттарында (Гавайи, Кентукки, Мичиган, Нью-Йорк, Массачусетс), Еуропада (Германия, Франция, Англия, Шотландия, Уэльс), Оңтүстік Америкада (Аргентина, Бразилия) және Оңтүстік Атлант мұхиты аумағында (Әулие Елена) тұрған. Сондықтан да, ол шетелдік студенттерде кездесуі мүмкін лингвистикалық және мәдени проблемаларға ерекше сезімтал. Ол сонымен бірге, тілді үйренуде сол елдің мәдениетін де түсіну маңызды екенін біледі. Оның білімі мен тәжірибесі, жанашырлығы оған керемет білім беретін және өз саласының көшбасшысы болып қала беретін NESE мектебін құруға мүмкіндік берді.

Марта Холл, (Martha Hall) педагогика ғылымдарының магистрі, Гарвард университеті
NESE директоры

Марта Холл Гарвард университетінің танымал Жоғары педагогикалық мектебінде тәлім алған. Ол сонымен қатар, Шотландиядағы Сент-Эндрю университетінде ағылшын тілін екінші тіл ретінде қосымша оқыту тағылымдамасын үздік тәмәмдаған. Жақында, ерекше қабілеттеріне байланысты, Холл ханым оқыту әдістемесі (Teachers’ Guide) бойынша Бетти Азардың (Betty Azar) жақсы сатылымға ие ESL грамматикасы бойынша «Understanding and Using English Grammar» кітаптар сериясына ұсынымдар жазуға және редакциялауға тағайындалды.

Холл ханымның мол академиялық білім тәжірибесі мен 20-дан астам жылдар бойы ағылшын тілін екінші тіл ретінде оқыту саласында көш басында болуы оған екінші тілді меңгеру және оқу бағдарламасын дамытуда бірегей түсінік берді. Қорытындылай келе, Холл ханымның халықаралық тәжірибесі оған инновациялық және тиімді оқу әдістеріне кеңінен қол жеткізуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде, Холл ханым NESE-нің барлық студенттері, оқытушылары және қызметкерлері үшін құнды ресурс болып қала береді.

Martha Hall, Ed.M., Harvard University
Director of NESE

Ашим Шенкер (Ashim Shanker), педагогика ғылымдарының магистрі, Гарвард университеті
NESE академиялық директоры

Ашим Шенкер Гарвард университетінде педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесіне және Пенсильвания мемлекеттік университетінде бакалавр дәрежесіне ие болған. Оның Гарвардта білім алудағы академиялық бағыты - тиімді аудиториялық тәжірибелер мен әртүрлі мәдениеттерді ұштастыру кезіндегі стратегияларға арнайы бағытталған халықаралық білім еді. Гарвардта оқып жүрген кезде, ол жас ерекшеліктерінің психологиясы саласында атақты маман Говард Гарднержәне таным және білім профессоры Джон және Элизабет А. Хоббсқа ассистент ретінде тағайындалды.

Шенкер мырза Жапонияда он екі жыл бойы өмір сүрген және сол жақта жүріп өзінің педагогикалық тәжірибесін әртүрлі білім беру мекемелерінен жинақтады (әрі жапонша сөйлеуді де үйренді). Ол құмарпаз жазушы, академиялық мақалалар мен көркем әдебиеттерді жариялаған. Ол NESE-ге мол тәжірибе әкелді, сол себепті, NESE мұғалімдері мен оқушылары үшін ол таптырмас сүйеніш ретінде саналады.

Ashim Shanker, Ed.M., Harvard University - Academic Director of NESE

«NESE-ге 20 жылдай бұрын академиялық директор ретінде келгенімде, менің мансабымда бұл лауазымым уақытша кезең болса да, мен оның алға бастаушы және маңызды қадам болатынын білдім. Ол кезде, мен NESE-де өзіме соншалықты энергия сыйлайтын, ерекше, жылдар бойы қалып жұмыс жасайтын оқыту және жұмыс ортасын табатынымды білмеген едім. NESE-де жұмыс істегенге дейін басқа да белгілі ағылшын мектептерінде тәжірибе жинаған едім; алайда, менің NESE-дегі оқытушы ретіндегі жаңа лауазымым болашақта менің миссияма айналатынын елестеткен емеспін. Бүгінгі күні, осы мекеменің директоры ретінде, менің негізгі мақсаттарымның бірі - NESE студенттері үшін де, оның қызметкерлері үшін де қызықты және ынталандыратын осы керемет ортаны қолдау болып табылады, сонымен бірге NESE-нің бірегей және ерекше ағылшын тілін үйренуге арналған оқу орны ретінде сақталып қалуын қамтамасыз ету болып табылады.»

«Менің NESE-ні құрудағы ниетім - жоғары сапалы ағылшын тілін меңгеру бағдарламасын жасау және студенттер жай ғана ағылшын тілін үйреніп қана қоймайтын атмосфераны қалыптастыру болды, мен саналы түрде барлық адамдарға мейірімділік, төзімділік пен жанашырлық жағдайын жасау жолдарын іздедім. NESE құрылғалы бері, мен оның айқын миссиясының бұзылмауын қамтамасыз ету жолында көп жұмыс жасадым. Ортаңғы тамшының тәж іспеттес нүктелермен қоршалған Эджертонның атақты сүт тамшысының суреті секілді, мен саналы түрде, өзімнің және NESE-нің айналасына студенттерге берері мол тәжірибелі мамандар мен оқытушыларды шоғырландырдым. 15 жылдан астам кәсіби өмірін мектепке арнаған және NESE-нің миссиясын менімен бірге бөліскен қызметкерлердің қолдауы арқасында, NESE өзінің қазіргі айрықша беделіне ие болды. Осы көзқарастың арқасында, NESE бірегей әлемдік деңгейдегі білім беру орнына айналды, онда студенттер оқып, дамып, өмір бойына жалғасатын байланыстар орнатады. Сізді осында қуана қарсы аламын».

NESE Teachers
NESE ұстаздары

Кіршіксіз беделіне байланысты, NESE жұмысқа Гарвард, Йель және Колумбия секілді АҚШ-тағы жетекші жоғары оқу орындарында оқыған студенттер мен жоғары дәрежелі ұстаздарды тарта алды.

NESE оқытушылары терең академиялық білімге, отандық және шетелдік педагогикалық тәжірибелерге ие.  Олар өздерінің жоғары біліктілігі мен өздерін осы салаға арнауының арқасында, NESE-та ұстаздық етуге лайықты деп танылған айрықша тәжірибесі бар дамыған мамандар.

Шындығында, біздің академиялық ұжымымыздың мүшелері соншалықты білікті, сыйлы, тіпті олардан басқа мекемелердің ағылшын тілі мұғалімдеріне дәріс беруі сұралады.

NESE Staff
NESE қызметкерлер құрамы

Негізі қаланғаннан күннен бері, NESE айрықша кәсіби мамандар тобын өзіне тарта алды және NESE-нің ағылшын тілін үйренетін бірегей орта болып қалыптасуында осы қызметкерлердің әрқайсысының үлесі бар. Біздің қызметкерлеріміздің кейбірі 15 жылдан астам уақытын NESE-ге арнағанын мақтанышпен айтамыз.

Дегенмен, олардың NESE-де еңбек ету мерзіміне қарамастан, біздің барлық қызметкерлеріміз мектепті барынша қолдауға және студенттерімізге оқуға қолайлы жылы ортаны қамтамасыз етуге ұмтылады.

Мектептің қабылдау бөліміне кірген сәттен бастап, сіздің ағылшын тілін жетік меңгеруіңіздің жолында, біздің команданың қаншалықты қарқынды жұмыс істеп жатырғанын түсінесіз.

Бұл сайт JavaScript, CSS, HTML5 және WebFonts сияқты заманауи технологияларды пайдаланады; сондықтан, бұл заманауи браузерлерде жақсы көрінеді. Біз осы вебсайт үшін негізгі браузер ретінде Google Chrome, Apple Safari немесе Firefox пайдалануды ұсынамыз.

Copyright © 2015 The New England School of English, Inc. All rights reserved.