LIfe at NESE

Looking For a First-Class English School?

WHY NESE IS THE RIGHT CHOICE!

NESE-дегі өмір

Мәзір

Different Types of Housing for Different Types of Students

Тұрғын үйді таңдау

ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІҢІЗГЕ САЙ ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН

Үйде тұру

Американдық отбасыдағы өмір тәжірибесі
Living in a Homestay
An American Family Life Experience

NESE-нің Американдық отбасында тұру бағдарламасы жылы және қолайлы ортада американдық отбасылық өмірмен мәдени ықпалдасуды қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылады. Ол отаныңыздан алыстағы үйіңіз болып табылады. Сіз тұратын отбасы сізге қонақжайлылық, қамқорлық таныта отырып, ағылшын тілін қолдануға және американдық мәдениетті сезінуге зор мүмкіндік береді.

NESE барлық қабылдаушы отбасыларды мұқият іріктеуден өткізеді, сондай-ақ, біздің отбасыларымыз шет ел студенттерін қабылдауда мол тәжірибеге ие. Алайда, белгілі бір салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар Америка Құрама Штаттар бойынша ортақ болғанымен, «әдеттегі американдық отбасыны» сипаттау қиынға соғарын айта кеткен маңызды. Америка Құрама Штаттарында сан алуан өмір салты бар, NESE осы әртүрлілікті бейнелейтін және NESE студенттерін қарсы алуға ынталы отбасылармен жұмыс жасайды.

Негізінде, NESE қабылдаушы отбасылары америкалық мәдениеттің шынайы көрінісін таныстырады және бізге өз студенттеріміздің әр түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етуімізге мүмкіндік береді. Мысалы, NESE қабылдаушы отбасылары жалғызбасты ата-аналы, екі ата-аналы отбасылар, балалы болуы мүмкін және балалы болу мүмкіндігі жоқ адамдар,  үй жануарын (әдетте мысық және ит) асырайтын адамдар, үй ішінде темекі тартуға рұқсат ететін және рұқсат етпейтін адамдар, сондай-ақ, әртүрлі этникалық және діни негіздерден шыққан адамдар болуы мүмкін. Басқаша айтқанда, әдеттегі қабылдаушы отбасы Америка Құрама Штаттарының бүгінгі күні қандай екенін көрсетеді.

Көбінесе, біздің отбасыларымыз студенттерді жаңа іс-шаралармен таныстырады. Сіз Мэйнде су шаңғысын тебуді, Кейп-Кодта қайықпен жүзуді немесе Вермонтта шаңғы тебуді үйрене аласыз. Сіз және сіздің отбасыңыз Жаңа Англияның қай бөлігін зерттесеңіздер де, сіздер ұзақ жылдар бойы дос боп қалатындарыңызға сенімді бола аласыздар.

Қабылдаушы отбасы немен қамтамасыз етеді?
  • Таза, ұйымдастырылған өмір сүру ортасы
  • Төсек орны, үстел, шам және киім сақтау орны бар жеке жатын бөлме (студент бөлмені біреумен бөлісуді сұрамаған жағдайда)
  • Аптасына 7 күн таңғы және кешкі ас және демалыс күндері түскі ас
  • Аптасына бір рет таза жаймалар және сүлгілер
  • Отбасының тұрмыстық кір машиналарын қолдануға қолжетімділік (бар болған жағдайда)
  • Телефон (жергілікті қоңыраулар тегін) мен автоматты жауап беру машинасына қолжетімділік
  • Жайлы, қолайлы орта
Қабылдаушы отбасы немен қамтамасыз етпеуі мүмкін?
  • Үй қызметшісі
  • Кір жуу қызметі
  • Жеке теледидар/DVD ойнатқыш, видеомагнитофон
  • Көлік тасымалы
  • Студентке келуші достары мен туыстарына жататын орын
  • Мектепке алып баратын түскі ас
  • Үй ішінде темекі шегуге арналған орын
NESE ӘРТҮРЛІ СТУДЕНТТЕР ТИПІНЕ АРНАЛҒАН ТӨРТ ЖАТАҚХАНА ҰСЫНАДЫ:

Green Hall

Poppet Hall

Lee Hall

30 жасқа дейінгі студенттерге арналған

Орта жастағы студенттерге арналған

Жетекшілер мен мамандарға арналған

Green Hall студенттерге бір орындық және екі орындық бөлмелері бар керемет тұрғын үй ұсынады. Әр бөлмеде теледидар, DVD плейер, микротолқынды пеш, тоңазытқыш бар. Әр бөлмеде жеке телефон бар, әр студенттің өз үстелі, шкафы, шкафтық кеңістік және сақтау орны бар. Жатақханада тазалаушының қызметі қарастырылған, алдын ала тиынмен ақысы төленетін кір жуатын мәшинелерімен және басқа да қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етеді. Жатақхана төлемақысының ішіне күн сайынғы екі рет тамақтану, таңғы және кешкі ас кіреді.

Green Hall Кембриджде MТИ (Массачусетс технологиялық институты) университеттік қалашығының жанында орналасқан. Оның жанында жаяу жететін қашықтықта азық-түлік дүкені және бірнеше тамаша мейрамханалар бар. Сондай-ақ, ол қоғамдық көліктің жанында орналасқан және Гарвард алаңынан Green Hall-ға автобус немесе метро арқылы көп дегенде 15 минутта жетуге болады.

Poppet Hall студенттерге кең, жылы және тыныш орта ұсынатын тарихи стильдегі резиденция болып табылады. Жақын маңайдағы көшелерде әдемі үйлер мен қолайлы дүкендер қатарлана орналасқан және Poppet Hall Гарвард университетінің заң мектебінен бірнеше минуттық қашықтықта орналасқандықтан, бұл жер студенттер мен отбасылар арасында да танымал. NESE-ден қоғамдық көлікпен 15 минутта немесе жаяу 25 минутта жетуге болатын Poppet Hall Гарвард алаңына жақын орналасқан, онда студенттер дәмхана, мейрамхана, кітап дүкендерінен, барлардан және кинотеатрлардан ләззат ала алады.

Төсек, комод, үстел және төсек-орындарымен қоса, әрбір бөлме телефон, микротолқынды пеш, тоңазытқыш, теледидар және DVD плейермен толық жабдықталған, ал үй қызметкерлері ортақ орындарды және жатын бөлмелерін уақтылы тазалап тұрады.  Poppet Hall студенттерге Бостонда және NESE-де өмір сүруге, оқуға және өз уақыттарын жақсы өткізуге болатын ыңғайлы жағдай ұсынады.

Lee Hall - «тек кәсіби мамандар» тұратын резиденция (30 жастан асқан мамандар үшін). Ол Кембридж тарихи ауданының бір бөлігі болып табылатын тыныш, тұрғын үй ауданында орналасқан. Оның әдемі үйлермен және ағаштармен қоршалған көшелері мамандарға өмір сүру және оқу үшін керемет атмосфераны ұсынады. Сонымен бірге, бұл Гарвард алаңынан жаяу 12 минуттық жерде орналасқан және қоғамдық көлікпен оңай жетуге болады.

Lee Hall-да екі орындық және бір орындық бөлмелер бар, олардың әрқайсысында жеке жуынатын бөлме бар. Сондай-ақ, әрбір бөлме телефон, микротолқынды пеш, тоңазытқыш, теледидар мен DVD плейермен толық жабдықталған. Бұдан басқа, ғимараттың ішінде қолжетімді сымсыз жоғары жылдамдықтағы интернет бар.  Lee Hall кең және ыңғайлы, бұл мамандар үшін тамаша ортаны ұсынады.

Green Executive Center

Жетекшілер мен мамандарға арналған

Green Executive Center-NESE-нің негізгі ғимараттарының бірінде, Green Hall-да орналасқан «тек мамандар» тұратын резиденция (30 жастан асқан мамандар үшін).  Ол Массачусетс технологиялық мұражайының бұрышында орналасқан және тамаша мейрамханалар мен қызықты шағын дүкендерге жақын. Сонымен қатар, бұл әдемі Чарльз өзенінен бес минуттық қашықтықта, Бостонның орталығына жақын орналасқан және Бостонның ең әдемі сауда-саттық көшесі, Ньюбери көшесі сияқты керемет жерлерге автобуспен аз уақытта (немесе серуендей отырып) жетуге де болады. Green Executive Center, сондай-ақ, NESE-нің Гарвард алаңынан автобус немесе метро арқылы 15 минуттық жерде немесе 20-25 минуттық жаяу жететін қашықтықта орналасқан.

Green Executive Center тек бірегей стильде безендірілген, мамандарға лайықтандырылған және кәсіби студенттерді  бір-бірімен танысуға ынталандыруға арналған бөлмелерді ұсынады.  Әрбір бөлме телефон, микротолқынды пеш, тоңазытқыш, теледидар және DVD плейермен толық жабдықталған, сондай-ақ, үй қызметкерлері ортақ алаңдарды және жатын бөлмелерін жүйелі түрде тазалап тұрады. Бұдан басқа, ғимараттың ішінде қолжетімді сымсыз жоғары жылдамдықтағы интернет бар. Green Executive Center кең және ыңғайлы, кәсіби мамандар үшін қолайлы жағдай жасайды.

Студенттер жатақханасында тұру

Достар табыңыз және Бостондық өмірдің керемет жақтарын сезініңіз

Сіз бір жыл бойы жатақханада тұра аласыз. Жатақханада тұру сізбен жасты басқа да студенттермен достасуға және Бостондық өмірді керемет өткізуге бірегей мүмкіндік береді. Кешкі уақыттары пицца жеп,  видеолар көру және Чарльз өзені бойындағы пикниктер, барлығы да жатақханадағы студенттік өмірдің бір бөлігі болып табылады. Жатақхана тұрғыны ретінде, осы іс-шаралардың барлығына әртүрлі қызықты адамдар тобымен бірге қатысасыз.

Барлық жатақханалар Гарвард пен Mассачусетс технологиялық институты қалашықтарының жанында NESE-ден 15 минуттық қашықтықта орналасқан. Барлық жатақхана студенттерге бір немесе екі орындық бөлмелерді, толық төсек-орын және тазалау қызметін ұсынады, сондай-ақ, аптаның әр күнінде таңғы ас және кешкі ас береді.

Әртүрлі типтегі студенттер үшін әр түрлі типтегі тұрғын үйлер

NESE студенттің әртүрлі қажеттіліктері әртүрлі тұрғын үй таңдауларын талап ететінін мойындайды. NESE, студенттің тұратын жері жайлы болмаса, сабақтарына дұрыс зейін қоя алмайтынын мойындайды. Нәтижесінде, біз студенттің тұрғын үй таңдауына көп көңіл бөлеміз.  Сондықтан, NESE мамандар мен студенттерге американдық отбасымен тұру (жеке бөлме, таңғы және кешкі аспен қамтамасыз етілген) және жеке жатақханаларда тұру мүмкіндігін ұсынады (бір не екі адамдық бөлмелер, таңғы және аспен қамтамасыз етілген).

Осы таңдаулардың барлығы NESE-нің жоғары стандарттарына сай

әзірленген және үйлерінен қашықта жүрген студенттерге жайлылық пен қолайлылық сыйлайды. NESE мектебі тамаша орында орналасқаны сияқты, барлық NESE тұрғын үйлері де тартымды және орталық аудандарда, қоғамдық көлік бағыттары мен Бостонның басты көрікті жерлеріне жақын орналасқан.

NESE барлық тұрғын үй жағдайларын студенттер өз елдерінен шығардан БҰРЫН ұйымдастырады. Бұл олардың ерте келіп, тікелей әуежайдан жататын үйлерге бару мүмкіндігі бар екенін білдіреді. Содан кейін, олар тіркеу күні Бостон аймағымен жақсырақ таныс болады және NESE-дегі алғашқы күнді жайлы өткізеді.

NESE студиялық пәтерлері

Жетекшілер мен мамандарға арналған

NESE-нің «тек мамандар» тұратын студиялық пәтерлері (30 жастан асқан студенттер үшін) Бостонның ең беделді ауданының орталығында – Бэк Бэйде орналасқан. Тарихи үй-жайлар («Браунтстондар» деп аталады) осы ауданға тән және NESE-нің пәтерлері осы типтегі ғимараттардың бақша деңгейінде орналасқан. Ғимараттардан Бостонның ең сәнді сауда және дәмханалар көшесі Ньюбери көшесіне аз уақытта жаяу жетуге болады және күннің батуының керемет көрінісін тамашалауға болатын Чарльз өзенінен бір минуттық жерде орналасқан. Бейсбол жанкүйерлері ғимараттар Фенуэй стадионынан (мейрамханалар мен музыкалық алаңдар кешендерімен бірге) 10 минуттық қашықтықта орналасқанына қуана алады. Одан бөлек, өзеннің арғы бетінде орналасқан МТИ-ның кең ауқымды іс-шаралары жалпы қоғам үшін ашық және оның жаттығу залын NESE студенттері(*) қолдана алады. Гарвард алаңына тікелей баратын автобус жүретін аялдама алдыңғы есіктен бірнеше қадамда орналасқан.

NESE-нің студиялық пәтерлері кондиционермен, толығымен жабдықталған асүйлермен, төсек-орындармен және сүлгілермен, теледидармен, DVD / Blu-Ray плейерлерімен және сымсыз жоғары жылдамдықты интернетпен жабдықталған. Әр бөлмеде кір жуатын орын бар. Ағаштармен қоршалған тарихи көшелері бар Бэк Бэй де, NESE-нің заманауи ыңғайлы және сәнді пәтерлері де кәсіби мамандардың өмір сүруі, оқуы үшін тамаша жағдай жасайды.

(*) Пайдалану үшін қосымша ақы қажет. Қосымша ақпарат алу үшін NESE-ге хабарласыңыз.

Бұл сайт JavaScript, CSS, HTML5 және WebFonts сияқты заманауи технологияларды пайдаланады; сондықтан, бұл заманауи браузерлерде жақсы көрінеді. Біз осы вебсайт үшін негізгі браузер ретінде Google Chrome, Apple Safari немесе Firefox пайдалануды ұсынамыз.

Copyright © 2015 The New England School of English, Inc. All rights reserved.