NESE Programs

Looking For a First-Class English School?

WHY NESE IS THE RIGHT CHOICE!

NESE бағдарламалары

Мәзір

NESE-нің академиялық курстары мен элективті курстарын біріктіру

ЖАЙ ҒАНА АҒЫЛШЫН ТІЛІ ЕМЕС: ҚЫЗМЕТТЕ ДАМУДЫ АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН ҚҰРАЛДАР

Nese - Elective & After-School Courses
Элективті курстар

Интенсивті TOEFL®

9-шы және одан жоғары деңгейдегі студенттер NESE Интенсивті TOEFL® курсына бір айға немесе алты айға дейін қатыса алатындықтан, олар ағылшын тілін үйрену бағдарламасын арнайы қажеттіліктеріне сай құрастыра алады. Сонымен қатар, NESE TOEFL® курсы үш негізгі дағдыға бөлінгендіктен - грамматика, тыңдалым және айтылым, оқылым және жазылым - студенттер жақсартқысы келетін TOEFL® емтиханының нақты бөлімдеріне баса назар аудара алады. Мысалы, TOEFL® емтиханының барлық бөлімдерінде өз жетістіктерін айтарлықтай жетілдіру қажет студент NESE TOEFL® курсына күн сайын алты ай бойы 9:00 бен 15:15 аралығында қатыса алады, ал басқа студент тек оқылым және жазылым бөлімдеріне 1 ай мерзімге қатыса алады. Студенттің мақсаттары қандай болса да, NESE-нің интенсивті TOEFL® курсы оған барынша тез қол жеткізуге көмектеседі.

NESE-де NESE Institutionsl TOEFL® емтиханы ай сайын 6-шы және одан жоғары деңгейдегі студенттерге ұсынылады. Толық жүктемемен оқитын студенттерге бұл емтиханды тапсыру үшін қосымша ақы төлеудің қажеті жоқ. Жартылай жүктемемен оқитын студенттер осы емтиханды тапсырған сайын ақы төлеуге міндетті.

  • TOEFL® грамматикасы
  • Ресми TOEFL® емтиханында жеке грамматикалық құрылым жоқ болса да, TOEFL® және басқа да стандартталған емтихандарға дайындалатын студенттер (мысалы, GMAT, GRE, IELTS) ерекше және күрделі TOEFL® стилінде келетін грамматиканың нақты аспектілеріне көңіл бөлгенді қалайды. Сыныпта, оқушылар грамматикалық құрылымдардың тереңдетілген дағдыларын қарап шығады, грамматиканың алдыңғы қатарлы формаларын меңгереді, тестілеу әдістерін меңгереді және көптеген сыныптық, уақыттық практикалық емтихандарды тапсырады. Бұл сабақ та барлық грамматикалық тақырыптарды шолу қызметін атқарады.
  • (8-ші деңгейді аяқтау немесе 9-шы деңгейге алғашқы орналастыру талап етіледі).
  • TOEFL® тыңдалым және айтылым
  • NESE интенсивті курсының бұл компоненті iBT Next Generation TOEFL® емтиханының тыңдалым және айтылым бөлімдеріне назар аударады. Сабақта студенттер диалогтар мен лекцияларды тыңдайды және емтиханның интеграцияланған және тәуелсіз бөлімдеріне жауап беру үшін қажетті дағдыларды меңгереді.
  • (8-ші деңгейді аяқтау немесе 9-шы деңгейге алғашқы орналастыру талап етіледі).
  • TOEFL® оқылым және жазылым
  • NESE интенсивті курсының бұл компоненті, iBT Next Generation TOEFL® емтиханының оқылым және жазылым бөлімдеріне назар аударады. Сабақта студенттер скимминг пен сканерлеу қабілетін жақсартады, ақпаратты тану стратегиясын меңгереді, және емтиханның тәуелсіз және интеграцияланған жазылым бөлімдерін толтыру үшін қажетті жазылым дағдыларын меңгереді.
  • (8-ші деңгейді аяқтау немесе 9-шы деңгейге алғашқы орналастыру талап етіледі).
  • Жоғары оқу орнына арналған TOEFL® емтиханы
  • Жоғары оқу орнына арналған TOEFL® емтиханы - ресми TOEFL® емтиханының қағаз бетіндегі нұсқасы. Бұл институттық нұсқа, ресми нұсқа сияқты, 50 жылдан астам уақыт бойы TOEIC®, SAT® және GRE® сияқты емтихандарды әзірлеп, басқарып және өткізіп келген ETS компаниясы құрастырады. Емтихан кезінде студенттерге бақылау жасаған кезде, NESE студенттердің орындаған тесттік материалдарын орап, тексеруге дайындап ETS-ке салып жіберуді қоса алғанда бірқатар қатаң шарттарды орындауға міндеттеледі. NESE студенттерге осы емтиханды әр сессияда тапсыру мүмкіндігін ұсынады. ETS бұл емтиханды тапсыратын әрбір студент үшін NESE-ден ақы алғанымен, NESE өз студенттерінен ақы талап етпейді. Студенттерді осындай пайдалы құралмен қамтамасыз ету құндылығын мойындайтынымыздықтан, біз бұл мүмкіндікті жеңілдетуге тырысамыз.

Интенсивті іскерлік ағылшын тілі

NESE интенсивті іскерлік ағылшын тілі курсы интенсивті TOEFL® курсы сияқты оқушыларға өздерінің қажеттіліктеріне сай келетін бағдарламаны құруға мүмкіндік беретін икемділікті қамтамасыз етеді. Курстың екі компоненті бар: "іскерлік қарым-қатынас" және "Іскерлік оқылым мен жазылым", студенттер осы сабақтардың екеуін де немесе тек біреуін ғана таңдай алады. Сонымен қатар, мамандар үшін арнайы интенсивті іскерлік ағылшын тілі курстары бар.

  • Іскерлік қарым-қатынас
  • Бұл сабақ студенттің күнделікті сөйлеуінде кездесетін жалпы бизнес/кәсіби лексиканы пайдалану және түсіну қабілетін дамытуға бағытталған. Студенттер радиобағдарламаларды, пікірталастарды және қысқаша мәтіндерді қолдану арқылы тыңдауды жақсы түсінеді. Студенттерден әртүрлі іскерлік тақырыптар бойынша пікірлерін ұсыну талап етіледі. Іскерлік лексиканы және идиомаларды сөйлеуде пайдалануға бағытталған жүйелі жаттығулар мен үй тапсырмалары бар.
  • (7-ші деңгейді аяқтау немесе 8-ші деңгейге алғашқы орналастыру талап етіледі).
  • Мамандарға арналған іскерлік қарым-қатынас
  • Бұл сабақ мамандар үшін арнайы әзірленген, жаһандық маркетинг, кәсіпкерлік, монополиялар, корпоративтік құрылым, брендті басқару, бағалар мен тауарлар, корпоративтік ойын-сауық және бизнестегі инновациялар сияқты тақырыптарды талқылайды. Студенттер АҚШ-тың іскерлік мәдениетін терең түсініп, іскерлік тақырыптардың кең ауқымы бойынша ақылға қонымды және нақты пікірлер білдіру қабілетін алады.
  • (7-ші деңгейді аяқтау немесе 8-ші деңгейде алғаш орналастыру және кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесі талап етіледі. Төменгі деңгейдегі студенттер бұл сабаққа академиялық директордың арнайы рұқсатымен ғана қатыса алады)
  • Қосымша ақпарат үшін сілтемеге өтіңіз.
  • Бизнеске арналған оқылым және жазылым
  • Бұл интенсивті курста студенттер іскерлік лексика мен идиомалардың стильдері мен тондарына назар аудара отырып, іскерлік жазу дағдыларын дамытады, тәжірибе етеді және нақтылайды. Бұл курста іскерлік хаттар, резюмелер, меморандумдар, ведомствоаралық қарым-қатынас және жолдама хаттар жазуға ерекше назар аударылады. Оқылым іскерлік мақалаларды қамтиды.
  • (7-ші деңгейді аяқтау немесе 8-ші деңгейге алғашқы орналастыру талап етіледі).
  • Мамандарға арналған бизнес үшін оқылым және жазылым
  • Мамандар үшін арнайы әзірленген бұл интенсивті курста кейстерді зерттеу және ағымдағы отандық және халықаралық бизнес жағдайлар ұсынылған. Мәтіндер, бейнелер және талқылаулар арқылы студенттер ағылшын тілі және іскерлік дағдыларын іскерлік жазу, маркетинг, стратегиялық жоспарлау, қаржы, халықаралық бизнес және адами ресурстарды дамыту сияқты салаларда жетілдіреді. Бұл сабақ арқылы Harvard Management Update, Business Week, журнал мақалалары мен кейс зерттеулері, сондай-ақ басқа да ағымдық ақпарат құралдары қолданылады.
  • (7-ші деңгейді аяқтау немесе 8-ші деңгейде алғаш орналастыру және кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесі талап етіледі. Төменгі деңгейдегі студенттер бұл сабаққа академиялық директордың арнайы рұқсатымен ғана қатыса алады)
  • Қосымша ақпарат үшін сілтемеге өтіңіз.

(1) Ескерту:

Назар аударыңыз, сабақтан кейінгі курстар кем дегенде бес студент тіркелген жағдайда ғана өткізіледі. (Дегенмен, NESE тек қана қаңтар, шілде және тамыз сессияларында ерекшелік танытады, және осы үш сессия уақытындағы тіркеуге қарамастан әрқашан құқықтық ағылшын тілін ұсынады). Мектептен кейінгі курстар үшін NESE тіркеу формасында және NESE-ның онлайн тіркелу жүйесіндекөрсетілген қосымша төлемдер алынады.

Элективті және сабақтан тыс курстар

Элективті курстар интенсивті TOEFL® немесе Іскерлік ағылшын тіліне қосымша назар аударғысы келетін 8-ші, 9-шы және одан жоғары деңгейдегі студенттер үшін  (NESE интенсивті және жартылай интенсивті бағдарламалары) қолжетімді. Студенттер элективті курстарды академикалық курстармен біріктіріп, өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын бағдарлама құра алады. Бұл курстар үшін қосымша ақы талап етілмейді.

Сабақтан кейінгі курстар NESE-нің студенттерге ұсынатын интенсивті емес қосымша таңдау мүмкіндігі болып табылады. Құқықтық ағылшын тілінен басқа, әр сынып аптасына екі рет 90 минуттық кездесу өткізеді. Құқықтық ағылшын тілі аптасына төрт рет 90 минуттық кездесу өткізеді.

Сабақтан кейінгі курстар туралы қосымша ескертуді көру үшін осында басуыңызды сұраймыз (1)

Сабақтан кейінгі курстар

Айтылу

Бұл курстың мақсаты - студенттерге қосымша тәжірибе беру және ресми және бейресми жағдайларда сөйлеу сенімділігін арттыру. Сабақ студенттерге күрделі дауысты дыбыстардың, үнді және үнсіз дауыссыз дыбыстардың, етістіктердің дұрыс айтылуына мүмкіндік беру арқылы сенімділікті арттырады. Сондай-ақ, студенттер интонация мен темп бойынша жұмыс жүргізеді. Бұл сабақ топтағы жеке тұлғалардың нақты қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құрылған.

(Ең төменгі деңгей талап етілмейді.)

Құқықтық ағылшын тілі

Бұл курста студенттер американдық сот және заңнамалық жүйелерімен танысады. Олар құқықтық терминологиямен танысады, істерді талдауды үйренеді, сондай-ақ, құқықтық құжаттардың қалай жасалатындығын түсінеді. Сонымен қатар, студенттер нақты сот мәжілістеріне бару және видео көру арқылы сот істерінің қарастырылуын көре алады.

(7-ші деңгейді аяқтау немесе 8-ші деңгейге алғашқы орналастыру талап етіледі).

Қосымша ақпарат үшін сілтемеге өтіңіз.

Университетке дайындық

Бұл курс студенттерге американдық жоғары оқу орындарында талап етілетін стандарттарға сәйкес ғылыми және техникалық мақалалар, диссертациялардың дайындау жолдарын үйретеді. Студенттер университет кітапханасын зерттеу мақсатында қалай пайдалану керектігін үйренеді және бұл дағдылар оларға өздерінің сынып тапсырмаларын орындауда көмектеседі: сілтемелер және библиографиямен толықтырылған зерттеу жұмысы.

(7-ші деңгейді аяқтау немесе 8-ші деңгейге алғашқы орналастыру талап етіледі).

Жұмыс орнындағы қарым-қатынас

Қазіргі немесе болашақ мамандықтарына қарамастан, студенттер Америка Құрама Штаттарының ұйымдарымен немесе ұйымдарында бизнес жүргізу үшін практикалық дағдылар мен техникаларды (және ағылшын тілін) үйренеді. Басқаша айтқанда, жұмыс орнындағы қарым-қатынас - Америка Құрама Штаттарындағы жұмыс орнының ерекшеліктеріне арналған этикеттің нұсқаулығы болып табылады. Студент адвокат, ғалым, бизнесмен, суретші немесе философ (немесе әлі студент) болсын, бұл курс оған Құрама Штаттардағы кез-келген ұйыммен немесе ұйымда тиімді қызмет жасау және оны түсіну үшін құралдар ұсынады. Бұл курста қарастырылатын кейбір тақырыптар:

  • Кәсіби этикет
  • «Саяси дұрыстықтың» маңыздылығы
  • Басқару стратегиясы
  • Құпиялылық және зияткерлік меншік мәселелері
  • Электронды және жазбаша қарым-қатынас
  • Ауызша баяндама
  • Жұмыс орнында қалай табысқа жетуге болады

(6-шы деңгейді аяқтау немесе 7-ші деңгейге алғашқы орналастыру талап етіледі).

Бұл сайт JavaScript, CSS, HTML5 және WebFonts сияқты заманауи технологияларды пайдаланады; сондықтан, бұл заманауи браузерлерде жақсы көрінеді. Біз осы вебсайт үшін негізгі браузер ретінде Google Chrome, Apple Safari немесе Firefox пайдалануды ұсынамыз.

Copyright © 2015 The New England School of English, Inc. All rights reserved.