Ресурстар

Мәзір

NESE-де ағылшын тілін үйрену туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар табыңыз. Қосымша ақпарат немесе қолдау қажет болса, [email protected] электрондық поштасына хабарласыңыз.

  • Негізгі ақпарат
    • NESE-де қанша жастан бастап оқуға болады?
    • 16 жастан бастап.
    • Оқу ақысына кітаптар кіреді ме?
    • Жоқ. Оқулықтардың құны 1 семестрге шамамен $140 құрайды.
    • NESE қай кездері жабық болады?
    • NESE жыл сайын жеті мемлекеттік мереке күндері жабық болады. Ол сондай-ақ, жылына төрт апта студенттердің каникулында жабық болады: сәуір сессиясынан соң бір апта, тамыз сессиясынан соң бір апта және желтоқсан сессиясынан соң екі апта. NESE-де каникулдар кезінде NESE әкімшілік қызметкерлері жұмысын жалғастыратынын ескеруіңізді сұраймыз. Сондықтан, студенттер каникул күндерінде де, компьютерлерді пайдалану немесе фильмдерді көру үшін NESE-ге күнделікті келулеріне болады. Каникул уақытында NESE-де өз тұрғын жайында қалуға шешім қабылдаған студенттерден қосымша ақы алынатынын ескеріңіздер. NESE каникулдары мен демалыс кестесін көру үшін мұнда басыңыз
    • NESE-де спорт залы бар ма?
    • NESE кеңістігі шектелген Гарвард алаңының ортасында орналасқандықтан, мектепте спортзал жоқ. NESE студенттері әдетте, NESE-нің айрықша қарым-қатынастарын пайдаланып, Массачусетс технологиялық институтының спортзалына немесе аймақтағы көптеген спорт залдардың біріне барады.
    • Бостондағы ауа райы қандай?
    • Орташа температура көктемде 10°C, жазда 22°C, күзде 13°C, қыста -1°C. Дегенмен, температура жазда 37°C-қа дейін көтеріліп, қыста -18°C-қа дейін төмендеуі мүмкін.

     

  • Отбасыда тұру
    • Студентке отбасыда тұру үшін қандай дайындық қажет?
    • Шет елде өмір сүру дегенге қатысты шынайы өмірге негізделген жағдайларды қабылдау сізге көп көмегін тигізері анық. Құрама Штаттарға турист ретінде барған болсаңыз, ондағы өз еліңізден ерекшеленетін айырмашылықтарды дереу байқауға болады. Америкалық отбасымен өмір сүрген кезде бұл айырмашылықтар айтарлықтай арта түседі. Мысалы, азық-түлік, ас қабылдау уақыттары және «тазалық» деген ұғым да өзгеше болады. Дегенмен, достық қарым-қатынас үйдегі сияқты керемет болады. Тұтастай алғанда, студенттің отбасында тұруға көңілі толуы үшін, ол ондағы өмірдің өзгеше екенін түсінуі керек - егер бұны түсінбесе, мәдениет тұрғысынан есеңгіреп қалуы мүмкін.
    • Арнайы ескерту: Америка Құрама Штаттарында жейтін тағам түріне дайындалу өте маңызды - бұл тез дайындалатын және ауыр және студенттер үйренген нәрселерден мүлде басқа болуы мүмкін.
    • Бір отбасыда бір мезгілде қанша студент тұрады?
    • Кейбір отбасылар бір уақытта бір ғана студентті қабылдайды, ал басқалары бірнеше студент қабылдауы мүмкін. Егер отбасы бірнеше студентті қабылдайтын болса, NESE мүмкіндігінше сол үйде бір тілде сөйлейтін студенттерді орналастырмауға тырысады.
    • Қандай тағам беріледі?
    • Таңғы ас күн сайын ұсынылғанымен, АҚШ-та таңғы ас көбінесе «жүріп бара жатып» жейтін тағам. Студенттер таңғы асты әзірлегенді күтпеулері керек, әдетте таңғы асты олар өздері дайындауы тиіс. Студенттер қабылдаушы отбасы мезгіл-мезгіл кешке шығып кетуі мүмкін екенін білуі керек, ол кезде кешкі ас тоңазытқышта қалады. Егер кешкі асты отбасымен бірге жесе, ол көбінесе ерте, мысалы, кешкі  сағат 18-де беріледі.
    • Америкалық отбасыда қандай тағамдар бар?
    • Американдықтар ас дайындауға басқа көптеген елдердегі сияқты үлкен мән бермейді. Асты әдетте, тез дайындап, тез жейді және ол сіз үйренген тағамға қарағанда ауыр болуы мүмкін. Азық-түлік пен әдет-ғұрыптар басқаша болса да, американдық сияқты тамақтану кезінде сізді қабылдаған отбасымен әңгімелесу арқылы, АҚШ-тағы өмірмен танысасыз. Таңертеңгі асқа әдетте, суық дән және нан күтуге болады, және сіз осы тағамды жалғыз жеуіңіз мүмкін. Америкалықтар әдетте кешкі асты ерте (шамамен 18:00 немесе 18:30) қабылдайтыны назарда болуы тиіс.
    • Темекі шегуге рұқсат етіледі ме?
    • Жыл сайын АҚШ-та шылым шегу азайып келеді. Осыған орай, NESE-де студенттерге үйде темекі шегуге рұқсат беретін бірнеше ғана отбасылық үйлер бар. Бірнеше отбасылық тұрғын үйлер әлі де шылым шегетін студенттерді қабылдайды, бірақ олар шылымды сыртта шегу керек. Студенттің темекі шегетіні не шекпейтіні жайлы шындыққа сай келетін ақпаратты айтуы өте маңызды, олай етпеген жағдайда, отбасы студенттен үйден кетуін талап етуі мүмкін, ал студентке 250 $ төлеуге тура келеді.
    • Отбасылық үйлер NESE-ден қандай қашықтықта тұрады?
    • NESE мектепке дейінгі қашықтық студенттер үшін өте маңызды критерий екенін біледі, ал NESE мектепке барынша жақын сапалы отбасыларды табу үшін барлық мүмкіндікті жасайды. Алайда, Гарвард алаңы университеттік аймақ болғандықтан, жақын маңда отбасыда тұруға қолайлы үйлерді табу мүмкін емес. Осы түсінікті ескере отырып, студенттер қоғамдық көлікпен NESE-ге жету үшін орта есеппен 30 минут уақыт қажет екенін білуі тиіс.  Әдетте бұл көлік автобус пен метро болып табылады. NESE отбасыларының көпшілігі Бостон мен Кембридж маңында, мысалы, Ньютон, Сомервилль, Белмонт, Арлингтон және Бруклин сияқты аудандарда орналасқан.
    • Студент отбасында тұру ақысын кімге төлеуі тиіс?
    • Студенттер NESE-ге барлық отбасылық төлемдерді төлейді, ал NESE, өз кезегінде, қабылдаушы отбасыларға төлейді. NESE, қабылдаушы отбасылар мен студенттердің ешқандай жеке төлем туралы келісімдер жасамауын талап етеді.
    • Студент арнайы өтініш жасай алады ма?
    • NESE студенттердің арнайы сұрауларын қанағаттандыру үшін бар күш-жігерін салса да, белгілі бір сұраныстарға жауап беру өте қиын болуы мүмкін. Мысалы, күнделікті бір сағат пианинода ойнауға рұқсат етуді, кошер тағамын ұсынатын отбасыға орналастыруды, отбасыдан жеке теледидармен қамтамасыз етуін, отбасылардың NESE-ге жақын тұруын немесе кішкентай балалары бар отбасыларға орналастыруды талап ету.
    • Үйлер жаңа (заманауи) болады ма?
    • Бостондағы үйлердің көпшілігіне кем дегенде 100 жыл және олар ағаштан жасалған. Бұл үйлердің барлығында заманауи қолайлы жағдайлар болғанымен, үйлердің дизайны заманауи болмауы мүмкін. Шын мәнінде, Бостон аймағындағы адамдардың көпшілігі ескі үйлерді ерекше деп санайды. Сонымен қатар, отбасылардың көпшілігі үйді безендіру үшін кәсіби интерьер дизайнерлерінің қызметтеріне жүгінбейді. Оның үстіне, NESE-ге жаз айларында келуді жоспарласаңыз, көптеген қабылдаушы отбасыларда кондиционер жоқ екенін ескеру қажет. Көптеген қабылдаушы отбасыларда интернет байланысы бар, бірақ олардың кейбірінде болмауы да мүмкін.
    • Үйдің тазалығы қандай болады?
    • Отбасылар АҚШ стандарттарына сәйкес таза және тұруға жарамды болады. Бұл стандарттар еліңіздегі стандарттардан өзгеше болуы мүмкін екенін есте ұстағаныңыз абзал. Көптеген үй-жайлар шашылып жатқанын (үйде еден үстіндегі кітаптар, қағаздар, аяқ киім және ойыншықтар) көруге болады. Басқаша сөзбен айтқанда, әдеттегі үй таза, бірақ жиналмаған. Қабылдаушы отбасылардың үйді тазалап, реттеп отыратын қызметшілері жоқ, сондықтан, үйдің тазалығы мен күтіміне отбасы өзі жауапты.
    • Қабылдаушы отбасы қандай болады?
    • Көптеген отбасылар жұмыс істейтін немесе орташа класс адамдары. Американдық қабылдаушы отбасы бір немесе екі жұмыс жасайтын ересек адамнан және/немесе қарт, зейнеткер адамнан тұруы мүмкін. Отбасының өз балалары болуы немесе болмауы мүмкін және Бостон әралуан қала болғандықтан, отбасының адамдары кез-келген нәсіл немесе дін өкілдерінен болуы мүмкін. Қабылдаушы отбасылар арасында үй жануарларын үйде ұстау өте кең тараған. Ақыр соңында, көптеген отбасыларда бірнеше студент тұруы мүмкін.
    • Неліктен отбасы шетелдік студенттерді қабылдайды?
    • Қабылдаушы отбасылар шетелдік студенттерді өз үйлеріне кіргізіп, олардан әлем туралы хабардар болғанды қалайды. Отбасылар сондай-ақ, студенттерді қабылдау арқылы отбасы табысын да арттыруды көздейді.
    • Мені қабылдаушы отбасы маған қалай қарайды?
    • Қабылдаушы отбасы сізді ықыласпен қарсы алып, қабылдайды. Олар сізден АҚШ-та тараған белгілі бір ережелерді ұстануды және отбасының ас қабылдау уақыты, суды пайдалану, электр қуатын үнемдеу және т.б. отбасы дәстурін құрметтеуіңізді күтеді. (Мысалы, Америка Құрама Штаттарында душты тәулігіне екі немесе үш рет емес, бір рет қана қабылдауға болады). Қабылдаушы отбасы сізді туыстары және достарымен таныстыруы мүмкін, осылайша, қабылдаушы отбасымен бірге уақыт өткізіп, Құрама Штаттар туралы таным-түсінігіңізді арттыра аласыз. Қабылдаушы отбасымен келешекте де достық қарым-қатынасты сақтап қалуыңыз мүмкін.
    • Мен ата-анамын және менің жасөспірім балам NESE-ге келеді. Қабылдаушы отбасы менің баламды мен күткендей күте алады ма?
    • Құрама Штаттарда жасөспірімдерге айтарлықтай бостандық беріледі және олардың тәуелсіздігіне құрметпен қаралады. Сондықтан, егер сіз жасөспірім балаңызға тұратын үй қарастырып жатқан болсаңыз, қабылдаушы отбасы жасөспірім баланың бос уақытында немен айналысқаны туралы есеп талап етпейтінін біліңіз. Қабылдаушы отбасы жасөспірім балаңызды мектепке апарып, мектептен алып кетпейді, жасөспірім балаңыз NESE-ге қоғамдық көлікпен қатынауы тиіс. Егер сіздің жасөспірім балаңыз үйге кеш келсе (түнгі 23:00 кейін), қабылдаушы отбасы оны күтпей ұйқыға жатып қалады және жасөспірім өзінің негізгі қажеттіліктерін өзі қанағаттандырады деп есептейді. NESE егер сіз жасөспіріміңізді американдық отбасыда тұру үшін жіберіп жатсаңыз, балаңыз Бостонда тұрған кезде, өзі үшін ақылға қонымды таңдау жасайтынына сенімдісіз деп есептейді.

     

  • NESE студенттік жатақханалары
    • NESE-нің студенттік жатақханалары қандай?
    • NESE-нің студенттік жатақханалары студенттер мен мамандарды ыңғайлы, қауіпсіз және қолжетімді өмір сүру жағдайларымен қамтамасыз етеді. Олар NESE-нің жанында орналасқан. Әрбір бөлмеде кереует, жұмыс үстелі, комод және шкаф бар. Сондай-ақ, студенттерге WIFI (тегін) ұсынылады және күнделікті таңғы және кешкі ас беріледі. АҚШ-тағы барлық жатақханалар секілді, бұл ғимараттар да қонақүй емес.
    • Жатақханаға қашан орналасуға болады?
    • Жатақханаға тіркеу күніне дейін жексенбі күні таңғы сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін орналасуға болады. Егер сіз 21:00-ден кейін келгіңіз келсе, Бостонға келгенге дейін арнайы хабарлауыңыз қажет.
    • Келгенімде мені біреу қарсы алады ма?
    • Жатақхана меңгерушісіне сіз Бостонға келгенге дейін рейсіңіз туралы ақпарат беріледі және жатақханаға келгенде ол сізді күтіп алады. Ұшуды тоқтатқан немесе кешіктірген жағдайда, жатақхана меңгерушісі жаңа келу уақытыңызды білетін болса, NESE-ге 617-864-7170 нөміріне хабарласыңыз.
    • Маған ерте келуге/ұзағырақ қалуға болады ма?
    • Егер тіркеу күнінен дейінгі жексенбіге дейін кез-келген уақытта келгіңіз келсе, NESE тұрғын үйге орналастыру үйлестірушісімен келісуіңіз керек. Жатақханаға әрдайым ерте келу мүмкін емес екенін біліңіз, және егер осылай жасасаңыз, қосымша ақы алынуы мүмкін. Егер сіз сабақ аяқталған соң, сенбі күні сағат 11.00-ден кейін кез-келген уақытта жатақханадан шығып кетуді қаласаңыз, сізге бұл жөнінде NESE-нің тұрғын үй үйлестірушісімен келісу керек. Жатақханада жүйелі түрде жоспарланған шығу күнінен кейін қалсаңыз, сізден қосымша ақы алынатынын білгеніңіз жөн.
    • Жүктерімді біреу бөлмеге алып жүруге көмектеседі ме?
    • NESE жатақханасының әкімшілігі студенттердің жүктерін тасымалдауға көмек көрсетпейтінін білгеніңіз жөн. Бұл АҚШ-ның жауапкершілік туралы заңына байланысты және қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
    • Төсемдерімді өзіммен бірге әкелуім керек пе?
    • NESE жатақханалары студенттерді жаймалармен, жамылғылармен және жастықтармен, сондай-ақ, үлкен монша сүлгілері және қол сүлгілерімен қамтамасыз етеді. Өзіңіздің төсемдеріңізді немесе сүлгілеріңізді алып келудің қажеті жоқ.
    • Біреу менің бөлмемді тазалай ма?
    • NESE жатақханаларының қызметшілері бөлмелерді дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері тазалап тұрады. Бейсенбі сайын қызметшілер төсек-орын төсеніштері мен сүлгілерді ауыстырып тұрады. Қызметшілер бөлмелерді тазалаған кезде заттарыңызды қозғалтпайтынын біліңіз.  Өтінеміз, бөлмелеріңізді қызметшілер мүмкіндігінше мұқият тазалай алатындай етіп ұқыпты ұстаңыз.
    • Кірді қайда жууға болады?
    • NESE жатақханалары студенттерді тиынның көмегімен жүретін кір жуу машиналарымен және кептіргіштермен қамтамасыз етеді. Кір жуу ұнтағын студенттер өздері әкелуі керек.
    • Жатақханада қандай тағамдар беріледі?
    • Жатақханада дүйсенбіден жұмаға дейін таңғы және кешкі ас, демалыс күндері кешіктірілген таңғы ас және кешкі ас беріледі. Таңғы ас дәнді дақылдар, тосттар, йогурт, жаңа піскен жемістер, сүт, кофе және шырын сияқты тағамдардан тұрады. Кешіктірілген таңғы асқа жоғарыда айтылған тағамдар, сондай-ақ, вафли, жұмыртқа және таңғы асқа пісірілген картоп кіреді.
    • Жатақханада тамақ пісіруге болады ма?
    • Жергілікті өрт қауіпсіздігі туралы заңдарға байланысты, студенттерге NESE жатақханаларында тамақ пісіруге рұқсат етілмейді. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Әр студенттік бөлме (немесе люкс бөлме, егер сіз Green Hall жатақханасында тұрсаңыз) тамақ жылытатын микротолқынды пешпен жабдықталған.
    • Жатақханаға достарым келе алады ма?
    • Достарыңыз жатақханаға арнайы белгіленген уақытта келе алады. Барлық келушілер келген және кеткен уақыттарын белгілеуі тиіс. Riverside Hall жатақханасының келу уақыты туралы ережелерімен таныс болыңыз.
    • Жатақханада достарыма/отбасыма қонуға қалуға болады ма?
    • Lee Hall жатақханасында бір адамдық бөлмелерде және Poppet Hall жатақханасында тұратын студенттерге келушілер NESE Тұрғын үй басқармасының рұқсатымен қонуға қала алады. Келісімдер қонақтың келуінен бір апта бұрын жасалуы керек және сізбен бірге бір бөлмеде тұру үшін қосымша ақы төленеді. Қонақтарды орналастыру әрқашан мүмкін болмайтынын біліңіз.
    • Жатақханаға жіберілген хаттар немесе сәлемдемелерді ала аламын ба?
    • Барлық хаттар мен сәлемдемелер тікелей NESE-ге жіберілуі керек. Келесі мекен-жайды қолданыңыз:
    • The New England School of English
      36 John F. Kennedy Street
      3rd Floor
      Cambridge, MA 02138
    • Жатақханадан біржола қашан шығуым керек?
    • Бөлмеңізді резервациялау сабағыңыздың соңғы күнінен кейінгі сенбі күні таңғы сағат 11.00-де аяқталады.
    • Мен NESE-ні жақсы көремін және жоспарлағанымнан гөрі ұзағырақ уақытқа қалғым келеді! Бөлме резервациясын соза аламын ба?
    • NESE корпусы шектеулі, сондықтан, жоспарлағаныңыздан ұзағырақ мерзімге қалғыңыз келсе, мүмкіндігінше тезірек Тұрғын үй  басқармасына хабарласыңыз. NESE Тұрғын үй үйлестірушісі мүмкіндігінше резервацияны ұзартуға тырысады. Жатақхананың толық болуына байланысты, бөлмеңіздің резервациясын ұзарта алмаған жағдайда, Тұрғын үй үйлестірушісі сізді сұраныс білдірген семестрге күту тізіміне орналастырады және басқа ұсыныстар туралы сөйлеседі.

     

  • Академиялық курстар
    • NESE-де қанша оқу деңгейі бар?
    • NESE 10 оқу деңгейін ұсынады, оның ішінде, Іскерлік ағылшын тілі мен TOEFL-ге дайындау бойынша элективті курстар да бар.
    • Бір сабақ қанша уақытқа созылады?
    • Барлық NESE сабақтары уақытымен басталады және үзіліссіз 90 минут жүреді (1,5 нақты сағат).
    • Студент NESE-нің әрбір оқу деңгейін қанша уақытта бітіреді?
    • NESE-нің ерекше сипаттамаларының бірі - ол әрбір студентті жеке қажеттілігі мен мақсаттары бар бірегей тұлға ретінде мойындайды. Студенттер әрбір сессия сайын бірінші деңгейден екінші деңгейге көтеріледі (4 апта). Дегенмен, кейбір студенттер мақсатты дағдыларды толыққанды меңгеру үшін әр деңгейде көбірек уақытты қажет етеді және NESE оқу жоспары осы жеке айырмашылықтарға сай келеді.
    • Мен NESE-дегі курсымды кез-келген дүйсенбіден бастай аламын ба?
    • NESE әрбір дағды үшін тіл меңгерудің 10 оқу деңгейін ұсынады, осы 10 деңгейдің әрқайсысының өз нақты басталу күні бар және ол 4 аптаға созылады. Сондай-ақ, әр оқу деңгейі әбден пысықталған оқу жоспарымен қамтылған және студенттер әр семестрдің алғашқы күнінен әрбір оқу деңгейіне арналған материалды оқуды бастайды. Егер студент сабаққа кешігіп келсе, ол жаңа ғана таныстырылған материалды жіберіп алады, салдарынан, жаңа тілдік мағыналарды меңгеруі қиындайды. Тіл үйрену бұл пирамида құру секілді, NESE-дегі бірінші күн – сол пирамиданың бірінші қабатын салғанмен бірдей. Студенттің бір күнгі сабақтан қалуы – пирамидасында бір кірпіш жетіспеуімен пара-пар. NESE кейбір ESL (ағылшын тілі екінші тіл ретінде) мектептерінің студенттерге өз бағдарламаларын кез-келген дүйсенбіден бастауға мүмкіндік беретінін біледі. Дегенмен, NESE-нің жоғары академиялық стандарттары бұлай
    • NESE-де үй тапсырмасы бар ма?
    • NESE әлемдегі ең үздік мектептердің бірі ретінде танымал. Бұл беделге ол ерекше білім беру үлгісі және студенттерді қолдау қызметтерімен, олардың оқу үлгерімінің жоғары стандарттарын қамтамасыз ету арқылы қол жеткізді. Студенттерден сабаққа күнде және уақытында қатысуы күтіледі, сынып ішінде белсенділік танытуы және үй тапсырмасын орындауы күтіледі. Нәтижесінде, NESE студенттері тез арада табысқа қол жеткізеді және соның барысында өздеріне жақсы көңіл-күй сыйлайды.

     

  • Виза туралы ақпарат
    • F-1 (студенттік) визам бойынша жартылай оқу жүктемесі режимінде оқи аламын ба?
    • Жоқ. Америка Құрама Штаттарының заңына сәйкес, АҚШ-қа студенттік визамен оқуға түсетін барлық студенттер толық оқу жүктемесі режимінде білім алуы тиіс. Сондай-ақ, NESE барлық қажетті құжаттар мектепке жіберілмейінше I-20 шығара алмайтындығын ескеріңіз. АҚШ иммиграциялық заңы туралы қосымша ақпарат алу үшін, мұнда басыңыз.

     

  • Гарвард және МТИ (Массачусетс технологиялық институты)
    • NESE Гарвард университетінің бөлігі ме?
    • NESE-тің негізін қалаушы және президенті, директоры, академиялық директоры, сондай-ақ басқарма мүшелері мен қызметкерлерінің кейбіреулері Гарвард университетінде дәріс алғанымен, NESE Гарвардпен ресми түрде байланысты емес. NESE Гарвард алаңында орналасқандықтан, ол Гарвард университетімен қоршалған және NESE студенттері осындай беделді университпен жақын тұрғандығына қуанады.
    • Гарвард немесе МТИ дәрістеріне қатысуға болады ма?
    • Гарвард пен МТИ - әлемдегі ең бәсекеге қабілетті университеттердің бірі. Осы оқу орындарына жоғары білім бағдарламаларына қабылданған студенттер оқуда жоғары дәреже мен түрлі жетістіктер көрсете алды. Солай бола тұра, Гарвард университетінде де, АҚШ-тағы көптеген колледждер мен университеттердегі  сияқты конкурс жоғары емес факультет бар, бұл жәй адамдарға да Гарвард профессорлары өткізетін дәрістерге қатысып, осы университеттердің көптеген ресурстарына қол жеткізуге болатынын білдіреді. Гарвард университетінде бұл бағдарлама Harvard Extension School (Гарвард кеңейтілген білім беру мектебі) деп аталады. Ол мектеп пен бағалары туралы ақпаратты мұнда табуға болады: www.extension.harvard.edu. Гарвард университетінің кеңейтілген білім беру мектебі NESE ғимаратынан небәрі бір кварталдан кейін орналасқан.
    • Сонымен қатар, Гарвард пен МТИ көпшілікке қолжетімді көптеген дәрістер мен түрлі іс-шаралар ұсынады. Мұражайларға қосымша, бұл университеттер дәрістер, панельді пікірталастар, концерттер және басқа да көптеген шаралар ұсынады. NESE-де оқыған кезде Гарвард университетінде немен айналысуға болатыны туралы толығырақ білу үшін мұнда басыңыз http://news.harvard.edu/gazette/harvard-events/events-calendar және МТИ туралы ақпарат http://events.mit.edu
    • Сонымен, Гарвард пен МТИ-дің кейбір ғимараттары халық үшін ашық (онда NESE үй тапсырмасын орындауға болады). Көпшілікке ашық ғимараттар тізімін қарау үшін мына сілтемеге өтіңіз.

     

  • Мамандарға арналған іскерлік ағылшын тілі
    • NESE «Мамандарға арналған іскерлік ағылшын тілі курсы» дегеніміз не?
    • NESE «Мамандарға арналған іскерлік ағылшын тілі курсы» екі элективті пәннен  тұрады: «Мамандарға арналған іскерлік әңгімелесу және тыңдау» және «Мамандарға арналған іскерлік оқу және жазу». Осы екі курстың әрқайсысы жылдам және дұрыс сөйлеуді жетілдіру, іскерлік ағылшын тілі мен материалдарды студенттердің түсінуіне бағытталған нақты оқу жоспарымен қамтылған екі семестрден тұрады.
    • Бұл курстарға қосымша ақы төленеді ме?
    • Жоқ, төленбейді. Бұл курстар NESE-нің интенсивті және жартылай интенсивті стандартты бағдарламаларына енгізілген элективті сабақтардың баламалары болып табылады. Іріктеуден өткен студенттер осы элективті курстардың бірін, яғни «Сөйлеу және тыңдау» не «Оқу және жазу» немесе екі курсты да таңдай алады.
    • Бұл сабақтарға кімдер қатыса алады?
    • NESE осы сабақтарға қатысқысы келетін студенттердің кем дегенде бес жылдық кәсіби тәжірибесі мен NESE деңгейі кем дегенде 8 болуын талап етеді. Жұмыс тәжірибесі мен ағылшын тілін жетік меңгеруді талап ете отырып, NESE өз студенттері үшін бүкіл әлемдегі кәсіби әріптестерімен өзара әрекеттесе алатындай алқалы және ынталандыратын орта жасайды.
    • Бұл сабақтарға қатысу үшін кәсіпкер болуым керек пе?
    • Жоқ. Шын мәнісінде, бұл сабақтар түрлі саладағы маман иелеріне пайдалы болып келеді. Қатысушылардың көпшілігі кәсіпкерлер болғанымен, дәрігерлер, профессорлар, ғалымдар, заңгерлер, зерттеушілер және саясаткерлер де бұл дәрістерге лайықты бағасын берген, болашақта басқа маман иелерінің де білімін жетілдірері анық.
    • «Мамандарға арналған іскерлік әңгімелесу және тыңдау» курсында не үйретеді?
    • NESE-нің «Мамандарға арналған іскерлік әңгімелесу және тыңдау» курсы студенттерге әртүрлі іскерлік тақырыптарды талқылау арқылы іскерлік-коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге, қолдануға және шыңдауға көмектеседі. Бұл тақырыптар жаһандық маркетинг, келіссөздер, кәсіпкерлік, корпоративтік құрылым, брендті басқару, бағалар мен тауарлар, корпоративтік ойын-сауық және бизнестегі инновацияларды қамтиды. Бұған қоса, оқытушы сабаққа қатысушылардың кәсіби және басқа да ерекше мүдделеріне назар аударады. Бизнеске қатысты фразалық етістіктер, идиомалар мен жаргондарды үйрену арқылы, студенттер бизнес әлемін тереңірек түсініп, түрлі іскерлік тақырыптарда пікірлерін интеллектуалды түрде, анық жеткізу қабілеттерін жетілдіреді.
    • «Мамандарға арналған іскерлік әңгімелесу және тыңдау» курстарында қандай материалдар пайдаланылады?
    • Оқу барысында, студенттер өмірден алынған түрлі оқиғалар мен бизнес-басылымдарды, соның ішінде, ағымдағы мақалалар мен DVD-ді қолданады. Бұл материалдар күрделі іскерлік терминологияны түсінуді жетілдіруге, талқылауларды ынталандыруға арналған және студенттерге батыл пікірталастарға қатысуға мүмкіндік береді.
    • «Мамандарға арналған іскерлік оқу және жазу» курсында не үйренуге болады?
    • Студенттер іскерлік сөздік қорын және іскери журналдарда және құжаттарда жиі қолданылатын идеяларды, мәнерлі сөздерді және жаргондарды түсіну қабілеттерін арттырады. Сонымен қатар, студенттер әртүрлі іскерлік мәселелерге қатысты ойларын логикалық тұрғыдан жеткізу қабілеттерін жақсартады және кәсіби жазудың негіздерін қарастырады. Сөздік пен оқуға арналған материалдар іскери мазмұннан алынғанымен, бұл жалпы ағылшын тілін түсіну деңгейін жоғарылатқысы келетін барлық мамандарға пайдалы болмақ.
    • «Мамандарға арналған іскерлік оқу және жазу» курсында қандай материалдар пайдаланылады?
    • NESE-нің «Мамандарға арналған іскерлік оқу және жазу» курсы студенттерге заманауи іскери материалдар мен мақалаларды түсініп, жазбаша түрде жауап беруге көмектесуге бағытталған. Студенттер іскери трендтер мен оларды сипаттауға пайдаланылатын ағылшын терминологиясындағы түсініктерін кеңейту мақсатында, BusinessWeek және басқа да іскери журналдардағы мысалдар мен мақалалар жиынтығын зерттейді.

     

  • Құқықтық ағылшын тілі
    • «Құқықтық ағылшын тілі»  курсы дегеніміз не?
    • «Құқықтық ағылшын тілі»  курсы - студенттерді американдық сот және заң шығару жүйесімен таныстыруға арналған сабақтан тыс дәріс. Ол АҚШ-ның құқықтық жүйесінде қолданылатын сөздік пен терминологияны оқытуға бағытталған. Студенттер заңның түрлі салаларын талқылап, маңызды істерді зерттейді және сот істерін қарау үшін жергілікті сот ғимаратына барады. «Құқықтық ағылшын тілі» курсы заң пәні болып табылмайды, сондықтан, студенттер оқытушының құқықтық тілді және АҚШ заңдарын толық емес, тек жалпылама білгенін күткені дұрыс.
    • «Құқықтық ағылшын тілі» курсын кім жүргізеді?
    • «Құқықтық ағылшын тілі» курсын тәжірибелі ағылшын тілі оқытушысы жүргізеді. Бұл курсты құқықтық білімі болмаса да, сізге құқықтық тіл туралы түсінік бере алатын білікті NESE мұғалімі оқытады.
    • Мен өз елімде заңгермін. «Құқықтық ағылшын тілі» курсын оқығаным жөн бе?
    • Бұл сабақты оқытатын оқытушының құқықтық білімі болмағандықтан, сіз одан құқықтық мәселелер туралы көбірек білгенін күтуіңіз мүмкін. Дегенмен, сізге АҚШ-тың құқықтық терминологиясы мен істерін салыстырмалы түрде талқылау қызықты болуы мүмкін. «Құқықтық ағылшын тілі» заң пәнінің кіріспесі болмағанымен, болашақта заң саласын оқуды жоспарлап жүргендерге таптырмас пән.
    • «Құқықтық ағылшын тілі» курсына қалай тіркелуге болады?
    • Бұл курсқа тіркелу үшін, жәй ғана NESE қабылдау бөліміне барсаңыз болды. Естеріңізге сала кетейік, NESE-нің қаңтар, шілде және тамыз айларындағы оқу кезеңдерінен басқа уақытта, «Құқықтық ағылшын тілі» курсына бес студент тіркелу керек, олай болмаған жағдайда, курс өткізілмейді. «Құқықтық ағылшын тілі» курсы NESE-нің қаңтар, шілде және тамыз айларындағы оқу кезеңдерінде тіркеуден өткен студенттер санына қарамастан әрдайым ұсынылады. Курс өткізілмейтін жағдайда, ақшалай төлемдер толық қайтарылады. Мынаны назарда ұстауларыңызды өтінеміз - курсты оқу үшін, 7-деңгейді аяқтау немесе әдепкіден NESE-нің 8-деңгейіне өткен болуыңыз керек.

     

  • Қабылдаудан бас тарту

    Барлық ақшалай төлемдер төлем жасалған кездегі формада қайтарылады.

    Егер NESE сіздің өтініміңізді қабылдамаса немесе курсты өткізуді болдырмаса, оқу ақысын толық қайтару 30 күн ішінде жасалады. Ішінде Виза берілмеген жағдайда, қайтарылуға жатпайтын ақылар да қайтарылады. Одан бөлек, барлық болашақтағы оқыту кезеңдері үшін төлемақы толық қайтарылады. Өкілдердің төлемақыны қайтару ережелері NESE-ден ерекшеленуі мүмкін екенін ескеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін NESE-ге немесе оның өкіліне хабарласыңыз.

    Күшін жою мерзімі:

    Өтініш жарнасы

    Оқу депозиті

    Оқу ақысы

    Тұрғын үй депозиті кепілдігі

    Тұрғын үй төлемақысы

    Оқу семестрі басталғанға дейін кемінде 2 апта уақыт бұрын

    0%

    0%

    100%

    100%

    100%

    Оқу семестрі басталғанға дейін 2 аптадан аспайтын уақыт бұрын

    0%

    0%

    100%

    100%

    0%

    Оқу семестрі басталғаннан кейін

    0%

    0%

    0%

    100%

    0%

Бұл сайт JavaScript, CSS, HTML5 және WebFonts сияқты заманауи технологияларды пайдаланады; сондықтан, бұл заманауи браузерлерде жақсы көрінеді. Біз осы вебсайт үшін негізгі браузер ретінде Google Chrome, Apple Safari немесе Firefox пайдалануды ұсынамыз.

Copyright © 2022 The New England School of English, Inc. All rights reserved.