Мәзір
NESE туралы
NESE бағдарламалары
NESE-дегі өмір
Неге NESE
Ресурстар
Бізбен байланыс
Жаңалықтар
Өкілдер
NESE-ге тіркелу:
Тілдер
NESE мектебі біреу ғана (Гарвард алаңында), өйткені, педагог ретінде біз мектептің дербес, таңғажайып орта екенін және оның солай қарастырылуы тиіс екенін түсінеміз. Барлық жұмыстар бір жерде жүргізілетіндіктен, студенттерімізді оқытудың ең үздік стандартымен қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз бар. Білім беру саласындағы ізденістер мектеп директорының заманауи және динамикалық болуының маңыздылығын көрсетеді, ал NESE мектебі бір жерде орналасқандықтан, оның негізін қалаушы NESE-де жоғары стандарттардың сақталуына жауапкершілікті өзі алады.
NESE студенттері, оқытушылары және қызметкерлері 100-ден астам елден келеді. Олардың арасында барлық ірі діндердің, барлық дерлік этникалық топтардың өкілдері бар, олар қабілеттіліктер мен шектеулердің барлық деңгейлерін қамтиды. Біздің арамыздағы үлкен айырмашылықтарға қарамастан, NESE тек ағылшын тілін үйретіп қана қоймай, әрдайым өзара жеккөрушілікті, төзімсіздікті және кемсітушілікті азайтуға ұмтылады, келешекте де солай жасай бермек. Студенттер NESE-де оқуын бітіріп, қайтар кезде, ағылшын тілін жақсы меңгергеніне ғана емес, сонымен қатар, бәріміз бір-бірімізге деген сыйластықпен біріктірілген бір адамзат нәсіліне жататынымызға көз жеткізеді.
Қысқаша айтқанда, осы мектепті құрушылардың мақсаты - озық оқыту әдістерін ұстану, әрбір студенттің оқуда жетістікке жете алатынына сенім арту, әрбір студенттің нақты қажеттіліктері мен мақсаттарының оның жетістігі үшін маңызды екендігін мойындау, ниеттестік пен қамқорлықтың маңыздылығы және барлық адамдарға құрмет негізгі принциптері болатын мектеп құру еді. Басқаша айтқанда, оның мақсаты - ағылшын тілі мен мәдениет саласындағы ең үздік оқуды қамтамасыз ету және ағылшын тілін үйрену үшін айрықша мүмкіндік жасау болатын.
(1) Ескерту:
Сізге екі шағын мысалды қуана ұсынамыз:
The New England School of English мектебін өзіндік арнайы ойластырылған, NESE-нің әрбір аспектісін қамтитын философиясы бар, күнделікті іс-әрекеттерін бағдарлап отыратын, мектеп ішінде арнайы атмосфераны қалыптастырған педагог құрды.
Студенттер бұл атмосфераны алғашқы келудің алдында алған ықыласты хаттан, NESE жатақханасына келгенде жылы қарсы
алудан, сабақтар мен іс-шараларда және мектепті бітірер шақтағы көңілдері қимай қоштасудан байқайды.
Бұл атмосфера NESE-нің жоғары академиялық стандарттарымен біріктіріліп, оқушылар мектепті үнемі айрықша және керемет етіп көрсетіп отырады.
Бұл сайт JavaScript, CSS, HTML5 және WebFonts сияқты заманауи технологияларды пайдаланады; сондықтан, бұл заманауи браузерлерде жақсы көрінеді. Біз осы вебсайт үшін негізгі браузер ретінде Google Chrome, Apple Safari немесе Firefox пайдалануды ұсынамыз.
Copyright © 2022 The New England School of English, Inc. All rights reserved.