NESE Programs

Looking For a First-Class English School?

WHY NESE IS THE RIGHT CHOICE!

NESE бағдарламалары

Мәзір

Үздік мектептер барлық студенттерге ең үздік жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді

ҮЗДІК МЕКТЕПТЕР ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУГЕ БАСТАМА АШАДЫ

Nese English Courses for Students
Nese - Courses divided by level
Nese - Courses Divided by age
Мектеп түрлі дағдыларға арналған түрлі деңгейлерді ұсынады (мысалы):
  • Грамматика бойынша 6-шы деңгей, айтылым және тыңдалым бойынша 6-шы деңгей, оқылым және жазылым бойынша 6-шы деңгей
  • Грамматика бойынша 6-шы деңгей, айтылым және тыңдалым бойынша 4-ші деңгей, оқылым және жазылым бойынша 5-ші деңгей
  • Грамматика бойынша 6-шы деңгей, айтылым және тыңдалым бойынша 8-ші деңгей, оқылым және жазылым бойынша 8-ші деңгей
Мектеп жататын орын бойынша таңдау ұсынады
  • Отбасыда тұру - американдық отбасымен бірге өмір сүру тәжірибесі мен қолдауды қалайтын студенттерге арналған үйлер
  • Өз бетімен өмір сүргісі келетін студенттерге арналған жатақханалар - (жатақханалар жас бойынша топтарға бөлінген)
Себебі, мектеп NESEішінде арнайы оқушы аймақтарын қамтамасыз етеді
  • Студенттердің демалыс аймағы арнайы демалыс үшін, шкафтармен, дивандармен және үлкен экранды теледидармен жабдықталған
  • Студенттерге арналған үлкен компьютерлік зал
  • Жоғарыда айтылғандарға қосымша, NESE әрбір сессияда интенсивті TOEFL® дайындық курсын, университетке дайындық курсын және  TOEFL® ЖОО емтиханын ұсынады.
Мектеп түрлі жастағы топтарды түрлі сыныптарға бөлудің маңызды екенін біледі(1)
  • Барлық оқушылар әр пән бойынша 10 деңгейдің біреуіне орналастырылады
  • Өз кезегінде, әр пән де жас ерекшелігіне байланысты қосымша бөлінеді
  • Студенттер қатарлас жастағы басқа студенттермен бірге оқиды
  • Студенттерді өз жас топтарына мамандандырылған ұстаздар оқытады
Мектеп түрлі іс-шаралар таңдауын ұсынады
  • Күндізгі сапарлар
  • Демалыс күндері саяхаттау
  • Студенттерге арналған клубтар
NESE-нің университетке орналастыру қызметтері (NUPS)
  • Білім алу бойынша кең көлемде кеңес беру
  •  Университеттің ресурстық кітапханасы
  • Студенттерге АҚШ-тағы болашақ зерттеулерін жоспарлауға көмек көрсететін көптеген семинарлар
  • NESE білікті студенттерін ресми TOEFL® балын жиі талап етпестен қабылдайтын көптеген университеттермен ерекше қарым-қатынастар.
Мектеп әр сессияда жоғары оқу орнына арналған TOEFL® емтиханын ұсынады

NESE студенттері үшін жоғары оқу орнына арналған TOEFL® емтиханын тапсыру көптеген жағынан пайдалы. ETS емтихандарының барлығы халықаралық деңгейде мойындалатындықтан, NESE бұл емтиханды 4 апта сайын ұсынады, NESE студенттері өздерінің озық жетістіктерін басқа оқу орындарына объективті түрде көрсете алады. Бұл емтиханды әр сессия сайын тапсыру университетке оқуға түсуге дайын NESE студенттеріне таңдаған институттың талабы болған жағдайда, ресми TOEFL® емтиханына тәжірибе жинақтау мүмкіндігін береді. Бақытқа орай, NESE-де тапсыратын жоғары оқу орнына түсуге арналған TOEFL® емтиханыNESE компаниясының NUPS серіктес мекемелерінің көбі тарапынан ресми TOEFL® емтиханының орнына қабылданады. NESE көптеген жылдар бойы TOEFL® курстарын және жоғары оқу орнына түсуге арналған TOEFL® емтиханын өткізіп келеді, сондықтан, біздің осы саладағы тәжірибеміз NESE студенттеріне жетістікке жетуге мүмкіндік береді.

(5-ші деңгейді аяқтау немесе 6-шы деңгейге бастапқы орналастырылу талап етіледі)

Nese - Complete Linguistic and Cultural Immersion
Толық лингвистикалық және мәдени ортаға ену

NESE-де студенттер тек қана тіл үйреніп қоймайды; сонымен қатар олар Америка мәдениетін де үйренеді. Студенттердің сабаққа арналған оқулықтары болуы керек және оларға сол оқулықтардан үй тапсырмасы беріледі, бірақ олар бұдан әлдеқайда үлкен талаптарға дайын болулары тиіс. Сабақта олар газеттер мен журналдар оқиды, DVD дискілерін көреді, рөлдік ойын ойнайды, компьютерлік зертханада жаттығулар жасайды және америкалықтармен интервью жүргізеді. NESE мектепте тіл үйренушілерді күннен күнге, сәттен сәтке ағылшын тілдік ортасына енгізетін "тек қана ағылшынша" саясатын ұстанады. NESE интенсивті бағдарламасы студенттерді американдық тіл мен мәдениетке енгізетіндіктен, студенттерге ең жылдам тіл үйрену мүмкіндігі беріледі.

Сіз білетіндей, NESE - үздік мектеп:

Өйткені, мектептің негізін қалап, басқарып отырған адамдар -  педагогтар

NESE студенттердің мамандардан өзгеше қажеттіліктері мен мақсаттары бар екенін мойындайды. Одан бөлек, әр оқушы әр түрлі, әрқайсының өзіндік бірегей оқу стилі, мақсаттары,

күшті және әлсіз тұстары болады. NESE жеке айырмашылықтарды мойындап, олармен жұмыс жасауға маманданғандықтан, NESE студенттері ерекше қолдауды сезінеді.

Сәйкес бағдарламаны таңдау

Интенсивті бағдарлама

9:00 бен 15:15 аралығында, аптасына бес күн

NESE-нің 10 деңгейлі интенсивті бағдарламасы АҚШ-та оқу мүмкіндіктерін барынша арттыруды қалайтын мамандар үшін өте қолайлы болып табылады. Бағдарлама күрделі және студенттер жылдам үйренеді. Әрбір сабақ жоспарланған үзіліссіз 90 минут созылып, студенттерді ең интенсивті бағдарламалардың бірімен қамтамасыз етеді. Студенттерден сабаққа уақытында келулері, үй тапсырмаларын орындаулары және сабақ уақыттарында ағылшын тілінде сөйлеулері талап етіледі.

Жартылай интенсивті бағдарлама

9:00 бен 12:30 аралығында, аптасына бес күн

NESE-нің 10-деңгейлі жартылай интенсивті бағдарламасы ағылшын тілі білімін жақсартқысы келетін, бірақ Құрама Штаттардағы өмірдің басқа да аспектілеріне тең дәрежеде қызығушылық танытатын мамандар үшін өте қолайлы бағдарлама болып табылады. Бұл бағдарлама жарты күнге ғана созылатындықтан, студенттер сапар, жұмыс немесе басқа да мүдделерді зерттеуге уақыт табады. Жартылай интенсивті бағдарламаға қатысатын NESE студенттері жатақхана немесе үйде тұру, демалыс күндеріндегі сапарлар, студенттік клубтар және электронды пошта мен интернет желісіне шектеусіз қол жеткізу сияқты барлық NESE нысандарын толық қолдану мүмкіндігін иемденеді. Бұл бағдарламаға қатысатын студенттер NESE-нің академиялық базасын пайдалана отырып, сабақтан тыс уақыттарын білімін жетілдіру мақсатында ағылшын тілін үйренуге арналған CD-лер тыңдап, DVD-дискілерін көре алады.

(1) Ескерту:

Сыныпта студент саны аз болған жағдайда, сынып жас ерекшеліктеріне қарай бөлінбейді.

Бұл сайт JavaScript, CSS, HTML5 және WebFonts сияқты заманауи технологияларды пайдаланады; сондықтан, бұл заманауи браузерлерде жақсы көрінеді. Біз осы вебсайт үшін негізгі браузер ретінде Google Chrome, Apple Safari немесе Firefox пайдалануды ұсынамыз.

Copyright © 2015 The New England School of English, Inc. All rights reserved.