LIfe at NESE

Looking For a First-Class English School?

WHY NESE IS THE RIGHT CHOICE!

NESE-дегі өмір

Мәзір

Тек тілді үйренуден басқа шараларға да дайын болыңыз

АМЕРИКАНДЫҚ МӘДЕНИЕТТІ СЕЗІНУДІ БАСТАҢЫЗ

NESE Extra-curricular Activities

Американдықтармен кездесу

Біздің ең жиі еститініміз - «Американдықтарды қалай кездестіруге болады?» деген сұрақ болып табылады. NESE сіздің Америка Құрама Штаттарында ағылшын тілін оқуды таңдағаныңызды түсінеді, өйткені американдықтармен кездесу және олардың өмір сүру жолы мен мәдениетімен танысу сіз үшін ағылшын тілін үйрену сияқты маңызды болып табылады. Біздің шақырылған дәрісшімізбен, «көшеде» сұхбаттасудан бастап және қоғамдық еріктілер бағдарламасына дейін, NESE өзінің оқудан тыс бағдарламаларын сіздің американдықтармен қарым-қатынасыңызды арттырып, олардың бай және өзгеше мәдениетіне толығымен енуіңіз үшін мұқият ұйымдастырған.

NESE - Student Clubs
Студенттік клубтар

Клубтар әдетте аптасына бір рет кездесетін,  мұғалімнің жетекшілігімен өтетін іс-шаралар болып табылады. Клубтар ай сайын өзгеріп отырады. Клубқа қатысуға ешқандай төлем алынбайды, ал мұражай мен іс-шаралар үшін студенттер өздері төлейді. Мысалы, мыналар жатады:

  • Өнер тарихы клубы
  • Баскетбол клубы
  • Кафе және әңгімелесу клубы
  • Кинотеатр клуб
  • Шығармашылық жазу клубы
  • Кешкі ас клубы
  • Жұма түнгі клубы
  • Тарихи клуб
  • Медитация клубы
  • Фильм клубы
  • Мұражай клубы
  • Ашық әңгімелесу клубы(1)
  • Пинг-понг клубы
  • Мамандар клубы
  • Шоппинг клубы
  • Футбол клубы
NESE - Guest Speaker Program
NESE - Language Partner Program
Дәрісшіні шақыру бағдарламасы

NESE студенттерінің американдықтармен және олардың мәдениетімен байланысын одан әрі жақсарту мақсатында, NESE әртүрлі қызықты тақырыптар туралы сөйлесу үшін жүйелі түрде дәрісшіні қонаққа шақырып тұрады. NESE-нің ең танымал дәрістерінің бірі - Гарвард студенттерінің тобы ұсынған американдық мәдениет және қазіргі оқиғалар туралы әңгімелесу форумы болып табылады. Бұл интерактивті алмасуда әркім өз ойымен бөліседі, достар табады және ағылшын тілінде сөйлейді! Басқа да танымал дәрісшілердің қатарына бизнес, ғылым, үкімет және өнер саласындағы мамандар кіреді.

Тілдік серіктес бағдарламасы

Бұл бағдарлама NESE студентін және сол студенттің туған тілін үйренуге ынталы американдықты байланыстырады. Студент өз ана тілінің мұғалімі ретінде болса, сәйкесінше американдық серіктесі де студентке ағылшын тілімен көмектеседі. Тілдік серіктес бағдарламасы студенттердің әңгімелесу дағдыларын машықтандырудың және американдықтармен танысудың танымал жолы болды. Серіктесті табуға әдетте 1-2 апта кетеді. Алайда, студенттің ана тіліне байланысты ұзағырақ уақытқа созылуы мүмкін.

NESE спорттық шаралары

NESE Students can use MIT’s Fitness Center
NESE Fitness Activities
NESE студенттері Массачусетс технологиялық институтының фитнес орталығын пайдалана алады

Американдық студенттермен және профессорлармен танысыңыз және бірге жаттығыңыз.

NESE студенттік жеке куәлігімен студенттер Массачусетс технологиялық институтының (MTИ) кампусындағы Zesiger Sports & Fitness Center-ін тек күнделікті шағын жаттығулар үшін пайдалана алады. Массачусетс технологиялық институты Америка Құрама Штаттарындағы ең танымал университеттердің бірі болып табылады және NESE-нің MTИ-мен келісімі студенттерге дене пішінін сақтауға ғана емес, сонымен қатар, сол жердегі американдық студенттермен танысуға мүмкіндік беру арқылы ағылшын тілін үйренуге көмектеседі. NESE-ден тек бір метро аялдамасынан кейін орналасқан (және Green Hall-дан жаяу жететін жерде) Zesiger Sports & Fitness Center жоғары сапалы нысан болып табылады.

Zesiger спорттық нысандары мыналарды қамтиды:

25 жолағы бар 50-метрлік бассейн, жүгіру жолдары, эллипстік жаттығу қондырғылары, велосипед жолдары, баспалдақты өрмелеу, ескектер, «Nautilus» қондырғылары, баскетбол, воллейбол, футбол ойнау алаңдары, роликті конькиде сырғанау, сквош, флорбол, су жаттығуларымен топтық айналысу, степ-аэробика, велоспорт, йога және жүрек-қантамырларына арналған жаттығулар, жасанды дем беру мен алғашқы көмек көрсету сабақтары, сондай-ақ, жеке жаттықтырушы қызметі қолжетімді.

Гарвард алаңындағы Wellbridge Athletic Club-қа арнайы мүшелік

NESE-нің барлық студенттері, соның ішінде NESE мамандары да, МТИ фитнес орталығына қосыла алғанымен, NESE кәсіби студенттерінің ғана  Wellbridge Athletic Club-қа кіруіне қосымша мүмкіндігі бар.

Wellbridge Гарвардтағы Джон Ф.Кеннедидің үкіметі мектебінің жанында және NESE-ден тек 3 минуттық жолда орналасқан. Wellbridge-ге кіруге ақы талап етілетінімен, NESE кәсіби студенттеріне арнайы жеңілдік ұсынылатынына назар аударыңыз.

Wellbridge нысандары мыналарды қамтиды:

Бассейн, күш жаттығуларына арналған қондырғылар, гантельдер, жүрек-қантамырларына арналған жаттығу қондырғылары, теледидар, жаттығу сабағы студиясы, велосипед студиясы, толық жабдықталған киім ауыстыратын бөлме, тұрақты шкафтар, құйынды ванна, бумен қыздыру бөлмесі, сүлгілер, тамақтану бойынша кеңес беру, салмақты бақылау бағдарламасы, массаж терапиясы, жеке жаттықтырушы, физиотерапия және компьютерлік фитнестік бағалау.

NESE - Activities for Professionals
Мамандарға арналған іс-шаралар

Сабақтан кейін, NESE мамандарға қызығушылықтарына сәйкес іс-шаралар мен сапарлар ұсынады.

NESE-нің «Тек мамандар» клубы мектептің ең танымал іс-шараларының бірі болып табылады. Аталмыш клуб мамандарға қызығушылықтары ортақ сыныптастарымен кездесуге, кездесулерге қатысуға және жергілікті кәсіпорындарға баруға қосымша мүмкіндік беру үшін ұйымдастырылған. Бұл клуб Гарвард университетіндегі дәрістерге, сондай-ақ, Бостонның қоғамдық шараларына жиі қатысады.

NESE саяхаттары

NESE Trips

NESE студенттері киттерді тамашалау сапарымызда киттердің алыптығы мен әдемілігіне және  Plymouth Plantation-ге (Құрама Штаттардағы алғашқы ауылдардың бірі) сапарымыздың барысында  Мэйфлауер кемесінің кереметтелігіне үнемі таң қалады. Олар қалалық «Бостон Ред Сокс» және «Бостон Келтикс» командаларын өте қошеметтейді, сондай-ақ, Жаңа Англияның көптеген танымал тау шаңғы курорттарының біріне қала сыртына алғаш рет сноубордингке барады.

Бостон аумағы бойынша саяхаттар

NESE студенттерді әрдайым Бостон мұражайларына, университет дәрістеріне, театрларға және спорттық шараларға, сондай-ақ, аумақтың атақты тарихи орындары мен жергілікті компанияларға апарып тұрады.

Демалыс күндердегі саяхат

NESE демалыс күндері саяхаттарды жиі ұйымдастырып тұрады. Саяхаттар қатарына көктемгі Вашингтон және Нью-Йоркттегі толқуды сезіну, Канададағы Монреальдың жазғы сұлулығын көру, сондай-ақ, күзгі Акадия ұлттық саябағының ғажайып түрлі-түсті жапырақтарын тамашалау және басқа да саяхаттар жатады. Осы саяхаттардың барлығында да студенттер Құрама Штаттар туралы, оның адамдары және Жаңа Англияның аймақтық мәдениеті туралы көптеген нәрселер үйренеді.

NESE Weekend Trips

NESE сабақтан тыс шаралары

Біз NESE-де сізді жаңа орындарды ашуға, жаңа адамдармен танысуға және жаңа нәрселерді көруге шақырамыз. NESE-нің сабақтан тыс шараларының қатарына апта сайын өтетін кино кеші, клубтық іс-шаралар (NESE-нің танымал «Ашық әңгімелесу клубы»(1) секілді), NESE-нің тілдік серіктес бағдарламасы, Бостон мұражайларына,

театрларына және спорттық шараларына бару, сонымен қатар, ауданның атақты тарихи орындарына, университеттеріне және жергілікті ұйымдарына экскурсиялар жасау жатады. NESE, сондай-ақ, демалыс күндері Нью-Йоркке, Ниагара сарқырамасына және басқа да танымал орындарға саяхаттарды ұйымдастырады.

(1) Ескерту:

Самуель Одама, NESE-нің Ашық әңгімелесу клубының керемет және сүйікті көшбасшысы, жақында «Гарвард қаһарманы» деген атқа ие болды. Мұндай ең жоғары дәрежелі мадақпен текГарвард қызметкерлерінің 0,05% ғана марапатталады. Самуель халықаралық студенттермен тамаша жұмыс жасауы арқылы танылды. Біз сіздерді осы клубты көруге шақырамыз, және сол кезде сіздер Гарвард оны не үшін таңдағанын бірден түсінесіздер.

Бұл сайт JavaScript, CSS, HTML5 және WebFonts сияқты заманауи технологияларды пайдаланады; сондықтан, бұл заманауи браузерлерде жақсы көрінеді. Біз осы вебсайт үшін негізгі браузер ретінде Google Chrome, Apple Safari немесе Firefox пайдалануды ұсынамыз.

Copyright © 2022 The New England School of English, Inc. All rights reserved.