About NESE

NESE туралы

Looking For a First-Class English School?

WHY NESE IS THE RIGHT CHOICE!

Мәзір

Студенттер неге NESE-ні осыншалықты жақсы көреді?

СІЗ БІЗГЕ АЙТҚАН БОЛАТЫНСЫЗ!

Алиса Македо
Студент, Бразилия

Гүлнар Ілиясова
Заңгер, Қазақстан

«NESE-де оқып жүрген кезімде, студенттердің арасында ғана емес, керемет қызметкерлердің арасынан да достар таптым. Ол тамаша адамдар мені жылы қабылдап, көңіліме күн сайын қуаныш сыйлады!

«NESE - үздіктердің ішіндегі ең үздік мектеп!!! Егер сіз ағылшын тілін оқуға және жоғары оқу орнында немесе бакалавриат бағдарламаларында оқуға қызығушылық танытсаңыз, онда NESE бұл үшін керемет мүмкіндік береді!»

Ева Ду
Дерматолог, Қытай

Бэндер Альногайтан
Заңгер, Сауд Арабиясы

«NESE студенттері ғимараттың Гарвард алаңында сәтті орналасқанына байланысты, жақын маңдағы университеттердегі іс-шараларға оңай қатыса алады».

«Ағылшын тілін үйренуде тамаша тәжірибеге қол жеткізгісі келетін кез-келген студентке мен NESE-ні ұсынып келдім және одан ары ұсына беремін!»

Алекс Сандро Дос Сантос Бастос
IT маманы, Бразилия

Эдже Гандоган,
Азаматтық құрылыс саласының студенті, Түркия

«NESE тиімді білім беру жүйесіндегі үздік үйлесімділікті қамтамасыз етеді: өте білімді ұстаздар және саған көмектесуді мақсат етіп қойған әкімшілік командасы бар».

«Мұғалімдері мен әкімшілігі өте жақсы және сабырлы. NESE-де жүйкеңізге тиетін ешқандай себеп жоқ, себебі ондағы қызметкерлер жылы шырайлы және мейірімді адамдар».

Карем Иветт Лора Кесие,
Заңгер, Колумбия

Хайнц Хорелюк,
Кәсіпкер, Германия

«NESE-де ағылшын тілін үйрену - бұл менің өмірімдегі ең жақсы кәсіби, академиялық және жеке тәжірибе болды».

«Мен сіздерге айтайын, егер ағылшын тілін үйренгіңіз келсе, NESE-де үйрену керемет идея болады. Сіз қалаған мақсатыңызға қол жеткізесіз.»

NESE, сонымен қатар, ағылшын тілін меңгеру нұсқаулығының жоғары деңгейінің арқасында, басқа да білім беру мекемелеріне танылды. Осындай мысалдардың бірі төмендегі NESE директоры Марта Холлға жіберілген хатта көрсетілген.

Құрметті Марта,

Сәлеметсіз бе! Менің атым Молли Янг, мен – Кембридж колледжінің халықаралық Істер жөніндегі директордың көмекшісімін. Бүгін мен Гарвард алаңындағы New England School of English мектебінің (NESE) қызметкерлері, факультеті және жалпы жұмысы қаншалықты керемет әсер қалдырғанын білдіру үшін сізге хат жазып отырмын.

2013 жылдың күзінде біздің бір студентіміз болған, оның ағылшыншасы өте төмен деңгейде еді. Ол бізге басқа бір ESL бағдарламасы арқылы келді және бакалавриат курстарының толық оқу жүктемесі семестріне орналастырылды. Біз оған курстарымызға қатыспас бұрын ағылшын тілін жетілдіріп алуға NESE-ге оқуға түсуіне көмектескен едік.

8 ай бойы NESE-де толық білім алып, кейін бізге келгенде ол ағылшын тілінде әдемі, әрі анық сөйлеп тұрды. Мен немесе профессорлар бір нәрсе айтқан кезде, ол еш кедергісіз түсініп, ешқандай қиындықсыз жайлы әңгіме құра алатындай болды.

Бұл осы күзгі кезеңдегі жағдай (2014) Бізде бағдарламамызды оқуға келген ағылшын тілін жетік біледі-ау деген қытайлық студенттердің тобы болды. Анығында олай болмай шықты. Алдыңғы студенттің жетістігіне қарап, біз бұл топқа да NESE-ні ұсынуға шешім қабылдадық. NESE бізге өтінімдерді қытай тілінде жіберіп (соның арқасында студенттер өтінімді толтыруда қорықпады), оларды тез қабылдап,

 студенттерді алғашқы күннен бастап жақсы ұйымдастырылған және достық ниетпен қарсы алу арқылы бұрын-соңды болмаған қолдау көрсетті.

Осы топтың жартысы бес айлық оқудан кейін қазір біздің академиялық курстарымызды бастауға дайын, ал қалғандары осы жаздағы курстарға дайын болуы керек. Линдси Коста осы студенттердің барлығы бойынша сөйлескен менің басты байланысушы тұлғам болды және ол өзін керемет жағынан көрсетті, яғни оның шыдамдылығы мен ұйымдастырушылық қабілеті - бұл сөзсіз игі қасиет және онысы мен бұл қалай болар екен деп қорыққанымдай емес, керісінше осының бәрін әлдеқайда оңтайлы қылды.

Осындай тамаша институт Кембридж колледжіне жақын жерде орналасқанына мен өте қуаныштымын. Мен болашақта студенттеріме және олардың достарына/отбасыларына NESE-ні қуана ұсынамын.

Ізгі ниетпен,

Молли Элиз Янг, педагогика магистрі

Халықаралық Істер жөніндегі директордың көмекшісі

PDSO, Халықаралық студенттік бөлім

Кембридж колледжі

NESE-нің «Махаббат хаттары»

1990 жылы құрылғаннан бері, NESE бізбен бірге оқуды таңдаған студенттерден, отбасылардан және компаниялардан тамаша кері байланыс алды. Жыл сайын, біз ағылшын тілін жақсы біліп қана қоймай, жаңа өмірлік тәжірибелермен, жаңа достармен және болашағы үшін жаңа мүмкіндіктермен елдеріне оралған студенттерімізден тамаша

 хабарларламалар алдық. Біз бұл хабарламаларды «NESE-нің махаббат хаттары» деп атаймыз және біз олардың кейбіреулерін NESE мен оның қызметкерлерін, ұстаздарын жоғары бағалағаны үшін студенттерімізге «рақмет» ретінде жарияладық.

The NESE's "Love Letters"

Бұл сайт JavaScript, CSS, HTML5 және WebFonts сияқты заманауи технологияларды пайдаланады; сондықтан, бұл заманауи браузерлерде жақсы көрінеді. Біз осы вебсайт үшін негізгі браузер ретінде Google Chrome, Apple Safari немесе Firefox пайдалануды ұсынамыз.

Copyright © 2022 The New England School of English, Inc. All rights reserved.