Неге NESE

Why NESE - Curriculum

Looking For a First-Class English School?

WHY NESE IS THE RIGHT CHOICE!

Мәзір

AT NESE, CLASSES ARE DIVIDED BY UNIQUE STUDENT PROFILES

Ешқашан өз орныңызда сезінбейтініңіз жөнінде алаңдамаңыз

NESE-ДЕ СЫНЫПТАР СТУДЕНТТЕРДІҢ БІРЕГЕЙ ПРОФИЛЬДЕРІ БОЙЫНША БӨЛІНГЕН

Мойындалған академиялық бағдарлама

 

Personalized Language Acquisition Method
Rigorous 90-Minutes Classes and Complete Linguistic and Cultural Immersion
NESE-нің индивидуалды тіл меңгеру әдісі

NESE-нің айрықша ерекшеліктерінің бірі - оның студентке көңіл бөлетін оқыту философиясы болып табылады. Бұл философия студенттер ерекше талаптарға жауап беретін сыныпта оқитындарын өздері сезінгенде, мақсаттарына айқын қол жеткізе алатынын түсінуге негізделген.

Көптеген студенттер ағылшын тілі білімдерінің бір аспектісі басқаларға қарағанда әлдеқайда әлсіз немесе күшті екенін сезінеді (мысалы, олар жазуға қарағанда жақсы сөйлесе алады). Дегенмен, ағылшын тілінің көптеген бағдарламаларында, студенттер бастапқы диагностикалық дағдыларды бағалау нәтижелеріне немесе олардың күшті және әлсіз жақтарын анықтағанына қарамастан, әрбір дағды бойынша бірдей деңгейді меңгереді.

Солай болғанмен де, назарды студентке шоғырландыру философиясының арқасында, NESE-нің деңгейді анықтау сынағы, сондай-ақ бағдарламалар да әрбір тілдік дағдыларда студенттің ерекше,  бірақ көп жағдайда тең емес - күшті және әлсіз тұстарын қанағаттандыратындай етіп жасалған. Бірегей құрылымы нақты студенттің қажеттіліктеріне сай келетін дербестендірілген тіл меңгеру жолын әрбір студентке ұсыну үшін, объективті бағалауды қамтамасыз ету мақсатында, студенттің өзін-өзі бағалауы есепке алынады.

Қарқынды 90-минуттық сабақтар және толығымен лингвистикалық және мәдени ортаға ену

NESE жұмысы ұзақ сабақтардың артықшылықтарын айқын көрсететін ұтымды ғылыми зерттеулерге негізделген.  Осы себепті, 45 не 50 минуттық сабақтарды ұсынатын көптеген мектептерге қарағанда, NESE-де барлық сабақтар үзіліссіз, әдейі толық 90 минутқа созылады. Осының арқасында, студенттер барынша қарқынды тіл үйрену ортасымен қамтамасыз етіледі.

NESE-де студенттер тек қана тіл үйреніп қоймайды; сонымен қатар олар Америка мәдениетін де үйренеді. Студенттердің сабаққа арналған оқулықтары болуы керек және оларға сол оқулықтардан үй тапсырмасы беріледі, бірақ олар бұдан әлдеқайда үлкен талаптарға да дайын болулары тиіс. Сабақта олар газеттер мен журналдар оқиды, видеолар көреді, рөлдік ойын ойнайды, компьютерлік зертханада жаттығулар жасайды және америкалықтармен интервью жүргізеді. NESE мектепте тіл үйренушілерді күннен күнге, сәттен сәтке ағылшын тілдік ортасына енгізетін "тек қана ағылшынша" саясатын ұстанады. NESE интенсивті бағдарламасы студенттерді американдық тіл мен мәдениетке енгізетіндіктен, оларға ең жылдам тіл үйрену мүмкіндігі беріледі.

Ескертулер:

(1) Элективті курстар - тегін. (2) Сыныптан тыс курстар - қосымша ақымен (3) Курс және оқу ақысы туралы ақпаратты Гарвард университетінің вебсайтынан қарауыңызды өтінеміз.

Студенттерге арналған бағдарламалар

NESE оқушыларға білім беру мақсаттарына жету үшін қажет дағдылар мен нұсқауларды қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі. Тиісінше, TOEFL®-ге дайындық элективті курсы мен сыныптан тыс университетке оқуға дайындық курсына қоса, NESE ең жоғары деңгейдегі студенттерге ай сайын ЖОО-ға арналған TOEFL® емтиханын және болашақ университет студенттеріне көмек ретінде көптеген қосымша қызметтерді ұсынады.

Студенттер NESE-нің интенсивті (күн сайын 9:00-15:15 аралығы) немесе жартылай интенсивті бағдарламасы (9:00-12:00 аралығы) бойынша оқи алады. Екі бағдарлама да тіл және мәдени оқудың 10 деңгейі, NESE-нің барлық нысандарын қолдану және жатақхана немесе үйде тұру мүмкіндігін ұсынады.

 

 

 

 

Мамандарға арналған бағдарламалар

Мамандар NESE интенсивті (күн сайын 9:00-15:15 аралығы) немесе жартылай интенсивті бағдарламаны (күн сайын 9:00-12:30 аралығы) таңдай алады, екі бағдарлама аясында тіл және мәдениет саласындағы 10 оқыту деңгейін ұсынады.

Дегенмен, NESE мамандарда лингвистикалық және практикалық мәселелер туындауы мүмкін екенін түсінетіндіктен, ересектер үшін айрықша жағдайлар қарастырған. Сыныптар, әртүрлі мұғалімдер, іс-шаралар, тұрғын үйлер, компьютерлік лабораториялар және демалыс аймақтары кәсіби оқу стиліне сай келеді және шектеулі уақыт пен практикалық қажеттіліктерді ескереді. Бұдан басқа, NESE-дің мамандары тек өз мақсаттарына сәйкес келетін сабақтарға ғана баруды таңдау мүмкіндігіне ие.

NESE-нің тұрақты интенсивті және жартылай интенсивті бағдарламаларына қоса, "Мамандарға арналған іскерлік ағылшын тілі" және жеке сабақ сияқты элективті курстар да мамандардың таңдау еркінде.

 

Элективті және сабақтан тыс курстар

NESE-нің академиялық сабақтарынан басқа, студенттер мен мамандар TOEFL®-ге дайындық, іскерлік ағылшын тілі, құқықтық ағылшын тілі, сөзді айтуды жетілдіру және университетке дайындық сияқты элективті(1) және сыныптан тыс курстарды(2) таңдай алады. Озат студенттер қызығатын салалары бойынша Гарвард кеңейтілген білім беру мектебінде(3) және басқа да аймақтық колледждерде өздерінің ерекше қызығатын курстарына қатыса алады.

 

Академиялық ағылшын тілі курстары

 

Грамматика және идиомалар, сөйлеу және тыңдау, оқу және жазу

NESE барлық студенттеріне төменде кестеде көрсетілгендей, академиялық ағылшын тілі курстарынан өтуге болады. Бұл курстардың әрқайсысы 10 деңгейден тұрады, ал студенттер әдетте ай сайын бір деңгейді оқып бітіреді. Осылайша, NESE-ге ағылшын тілін шамалы біліп немесе тіптен білмей келген студент 10 айдың ішінде NESE-нің барлық 10-деңгейлік оқу бағдарламасын өтеді. 10-деңгейді аяқтаған студенттер кәсіби және академиялық ортадағы кең ауқымды ағылшын тілін сәтті қолдануға мүмкіндік беретін біліктілік деңгейіне ие болады.

NESE оқу бағдарламасы

Деңгей

4

5

8

9

Курстар

1

2

3

6

7

10

 

 

 

  •  
  •  

Интенсивті TOEFL®-ге дайындық

 

 

 

 

 

  •  

 

 

  •  
  •  

Іскерлік ағылшын тілі

 

 

 

 

 

  •  

 

 

Мамандарға арналған іскерлік ағылшын тілі

 

 

 

 

 

  •  
  •  

 

 

  •  
  •  

Құқықтық ағылшын тілі

 

 

 

 

 

  •  

 

 

  •  
  •  

Университетке дайындық

 

 

 

 

 

  •  

 

 

  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

ЖОО арналған TOEFL® емтиханы

 

 

 

  •  
  •  
  •  
  •  

Айтылу

  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Тілді компьютер арқылы үйрену

  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Сөздік қор

  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Оқу және жазу

  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Сөйлесу және тыңдау

  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

Грамматика және идиомалар

  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  

NESE-нің жеке тілдік білім беру әдісі туралы қосымша ақпарат алу үшін мұнда басыңыз

Бұл сайт JavaScript, CSS, HTML5 және WebFonts сияқты заманауи технологияларды пайдаланады; сондықтан, бұл заманауи браузерлерде жақсы көрінеді. Біз осы вебсайт үшін негізгі браузер ретінде Google Chrome, Apple Safari немесе Firefox пайдалануды ұсынамыз.

Copyright © 2022 The New England School of English, Inc. All rights reserved.