NESE университетке орналастыру қызметтері (NUPS)

Looking For a First-Class English School?

WHY NESE IS THE RIGHT CHOICE!

NUPS қызметтері

Мәзір

NESE-ге келгенге дейін
NESE-ге келгеннен кейін

NESE университетке орналастыру қызметтері (NUPS) сіздерді келесімен қамтамасыз етеді:

  • Сіздің білім алудағы мақсаттарыңыз бен қажеттіліктеріңізді мұқият талдау
  • Анықталған мақсаттар мен қажеттіліктерге сәйкес ұсынылатын колледждер мен университетердің тізімі
  • Әрбір колледжге немесе университетке өтініш формаларын тотыруға көмек көрсету
  • Қажет болған жағдайда, шартты қабылдау туралы хатты алуды үйлестіру
  • Сіздің өтініш тапсыру және университеттің шешім қабылдау үрдісінің әр бөлігінде сіз және әрбір университет арасындағы байланыс қызметін атқару. Құрама Штаттарда оқудың барлық аспектілері бойынша үздіксіз әрі ауқымды кеңес беру

Мына қарапайым қадамдарды орындаңыз:

1

Сіздің еліңізден NESE-нің университет бойынша кеңесшісіне хабарласып ([email protected]), NUPS тіркеу формасын сұратуыңызға болады.

2

NESE университет бойынша кеңесшісі сіздің қажеттіліктеріңіз бен мақсаттарыңызды бағалайды және критерийлеріңізге сәйкес келетін университеттер мен колледждерді анықтауға көмектеседі.

3

NESE сізге сіз тапсыратын әрбір университет немесе колледж үшін өтініш беру формасын ұсынады және телефон арқылы және электронды пошта арқылы сізге өтініш беру үрдісінде нұсқау мен көмек ұсынады.

4

Өтініштеріңізді аяқтағаннан кейін, оларды NESE университет бойынша кеңесшісіне жібересіз, ол оларды нақты және толық екеніне көз жеткізу үшін қарап шығады.

5

Өтініштеріңізді соңғы шолудан өткізгеннен кейін, NESE университет бойынша кеңесшісі өзіңіздің атыңыздан әрбір университетке өтініш жібереді.

6

NESE-нің университет бойынша кеңесшісі сіздің өтініш тапсыру және университеттің шешім қабылдау үдерісінің барлық аспектілері барысында сіз және әрбір университет арасындағы байланыс қызметтерін көрсетеді.

NESE-нің көптеген студенттері өз елдерінен кетпес бұрын, NESE-нің Университетте орналастыру қызметтерінің (NUPS) артықшылықтарын пайдаланса да, басқалары АҚШ-тағы колледжге немесе университетке түсуге дайындалу үшін NESE-ге келгенше күтуді жөн көреді. Сондықтан, NESE студенттерге өздерінің таңдаған мектептеріне барғанда артықшылықтар беру үшін көптеген курстар, семинарлар мен бағдарламаларды ұсынады.

NESE университет бойынша кеңес беру қызметі

Университет бойынша кеңесші

NESE студенті ретінде, сіз NESE-нің университет бойынша кеңесшісімен қалағаныңызша жиі кездесе аласыз. Осы кездесулер барысында, сіз американдық білім беру жүйесі туралы біле аласыз, академиялық мақсаттарыңызды талқылап, өзіңіз тапсырғыңыз келетін мектептерді анықтауға көмек ала аласыз. Сонымен қатар, кездесулерді өз аяқталған өтінішіңізді қарап шығу үшін пайдалануға болады.

Университеттің ресурстық кітапханасы

NESE-де сіздің пайдалануыңызға қолжетімді жүздеген университеттік каталогтар мен нұсқаулықтар және американдық колледждердің үлкен компьютерлік дерекқоры бар кітапхана қоры бар. Сонымен қатар, GMAT®, GRE®, SAT® және LSAT® сияқты стандартталған емтихандар үшін көптеген нұсқаулықтар мен тәжірибе сынақтарын таба аласыз.

Университет қабылдау комиссиясының қызметкерлерімен ақпараттық кездесу

Университеттің қабылдау бөлімінің қызметкерлері студенттермен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап беру үшін әрқашан NESE-ге баруға қызығушылық танытады. Нәтижесінде, NESE үнемі университеттің және колледждің ақпараттық сессияларын өткізеді және әр сессияға көптеген әртүрлі мектептерді шақырады. Колледж жәрмеңкелері мен жеке колледждерге бару студенттерге өз академиялық мүмкіндіктері туралы көбірек білуге және университеттің өкілдеріне сұрақтар қоюға мүмкіндік береді.

Университеттегі сабақтарға қатысу

Жергілікті университеттер мен колледждер NESE-нің жоғары деңгейдегі студенттерін өз курстарына шақырады. Бұл курстар студенттерге американдық университеттің өмірімен танысуға, ағылшын тілін жетілдіруге және американдық достарды табуға мүмкіндік береді. NESE-ден көшенің арғы бетінде орналасқан Гарвард университеті алдыңғы қатарлы студенттерге кеңейтілген мектебінде кешкі курстарға қатысуға тамаша мүмкіндік береді. (Жекелеген университеттер мен колледждердің арнайы кестелері мен бағаларын қараңыз.)

«Қай университет?» семинарлары

Бұл тегін семинарлар жыл сайын бірнеше рет өткізіледі. Бұл семинарлар студенттерге Құрама Штаттардағы мыңдаған университеттердің арасынан тапсыруға болатын университеттерді таңдауға көмектеседі. Сондай-ақ, студенттер АҚШ-тағы колледжде немесе университетте маңызды болып табылатын барлық критерийлерді қалай анықтау керектігін және қандай мектептер өз қажеттіліктері мен қабілеттеріне сәйкес келетіндігін қалай анықтау керектігін үйренеді.

«Өтініш беру үрдісі» семинарлары

Бұл тегін семинарлар да жыл сайын бірнеше рет өткізіледі. Әрбір семинар Құрама Штаттардағы колледжге, университетке немесе аспирантураға түсудің егжей-тегжейлі үрдісіне назар аударады. Америка Құрама Штаттарында студент өтінішінің аса маңызды бөлігі болып табылатын эссе жазуға ерекше көңіл бөлінеді.

NESE университетке дайындық курстары мен емтихандары

TOEFL®-ге интенсивті дайындық

Бұл курс студенттерге өздерінің нақты қажеттіліктеріне сәйкес келетін бағдарламаны жасауға мүмкіндік беретін үлкен икемділікпен қамтамасыз етеді. Студенттер NESE-нің TOEFL®-ге интенсивті дайындық курсына кемі бір айға немесе көбі 6 айға дейін қатыса алады. Сонымен қатар, NESE интенсивті TOEFL® курсы үш негізгі мамандыққа бөлінеді: грамматика, оқу және жазу, сөйлеу және тыңдау, студенттер жазбаша TOEFL® (PBT) компьютерлік TOEFL® (CBT) немесе желілік TOEFL® (iBT) емтиханының өздері жақсартуы қажет белгілі бір бөліктеріне ғана назар аудара алады. (7-деңгейді аяқтау немесе 8-деңгейдің бастапқы бөлімінде болу қажет)

NESE-нің университеттік TOEFL® емтиханы

Әр сессияда NESE университеттік TOEFL® емтиханы барлық аралық және жоғары деңгейдегі студенттерге ұсынылады. NESE-нің университеттік TOEFL® емтиханы көптеген университеттер және колледждермен ресми TOEFL® емтихан орнына қабылданғандықтан, студенттер бұл қиын емтиханды өздерін дайын сезінген сәтте неғұрлым ыңғайлы және таныс ортада тапсыра алады.

Интенсивті академиялық оқу және жазу

NESE-нің оқу және жазу сабақтары студенттерді өз ойларын грамматикалық және логикалық тұрғыда жазбаша толық жеткізуді үйрету үшін ұйымдастырылған. Мұғалімдер студенттерге академиялық, сондай-ақ, шығармашылық түрде қалай жазу керектігін үйретеді, сонымен қатар, оларды тұрақты қолдау көрсететін кері байланыспен қамтамасыз етеді. Осы сабақтардың оқу бөлігі студенттерді контент, стиль және сөздік қорын жан-жақты талқылауға тарту кезінде барынша күрделі, түпнұсқа материалдармен таныстырады. Студенттерге мәтіндерді шолып шығу, сканерлеу және контексттен болжау сияқты оқу дағдыларын үйрету арқылы NESE студенттерді америкалық университетте немесе колледжде олардың жетістікке жетуін қамтамасыз ететін деңгейде оқуға және жазуға дайындайды.

Университетке дайындық

Бұл курс студенттерге Құрама Штаттардың жоғары оқу орындарының стандартына қажетті техникалық мақалалар, тезистер, диссертацияларды зерттеуді және жазуды үйретеді. Сонымен қатар, студенттер академиялық зерттеуді өз бетімен жүргізе алу үшін америкалық университеттік кітапханалық жүйені қалай пайдалану керектігін үйренеді.

Бұл сайт JavaScript, CSS, HTML5 және WebFonts сияқты заманауи технологияларды пайдаланады; сондықтан, бұл заманауи браузерлерде жақсы көрінеді. Біз осы вебсайт үшін негізгі браузер ретінде Google Chrome, Apple Safari немесе Firefox пайдалануды ұсынамыз.

Copyright © 2022 The New England School of English, Inc. All rights reserved.