Неге NESE

Why NESE - Excellence

Looking For a First-Class English School?

WHY NESE IS THE RIGHT CHOICE!

Мәзір

Жоғары сапалы курстар

Білім беру саласындағы зерттеулердің негізі болып табылатын жоғары сапалы білім беру - NESE-нің басымдығы болып табылады. NESE-нің академиялық бағдарламасының барлық аспектілері оқу үшін өте қолайлы орта жасау мақсатында жоспарланған және мақсатты түрде жүзеге асырылады. Тіпті үстелдердің конфигурациясы, мысалы, оқушылардың жетістікке жету мүмкіндігін арттыратын ортаны құруға көмектесу үшін жоспарланған.

Жоғары құрметке ие мектеп

Жетістігінің арқасында, NESE-ні көптеген түрлі ұйымдар таныды және аккредитациядан өткізді. Алайда, біз үшін жүздеген студенттердің жыл сайын бізге мектебіміз жайлы жіберетін жылы лебіздерінен асқан абырой жоқ. Олардың кейбірін оқу үшін мұнда басыңыз.

Шағын сыныптар

Біздің орташа сыныптарымыздағы адам саны - 12 студент. Шағын сыныптар жан-жақты пікірталастарды, студенттердің сабаққа белсенді қатысуын және студент пен мұғалімнің өзара тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Білім беру саласындағы зерттеулер сонымен қатар, шағын сыныптарда білім алу студенттердің оқу нәтижесіне оң әсер ететінін көрсетеді. NESE студенттерге ең үздік оқу нәтижелеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін тиімді сыныптық ортаны құруға ұмтылатындықтан, біз сыныптарымыздың көлемін шектеуге тырысамыз.

Ерекше мұғалімдер мен қызметкерлер

Бұл мектепті ағылшын тілін үйрететін осындай ерекше орын жасауда NESE-дегі әрбір адамның үлесі бар. Мұғалімдерден қызметкерлерге дейін, NESE-дегі әрбір студент басқаларға ерекше, қызықты, жан-жақты және толығымен қолдау көрсететін ерекше орта ұсынуға міндеттенеді.

Педагогтар негізін қалап, басқаратын мектеп

NESE-нің бірегей тәсілі білім беру саласындағы зерттеулерге негізделген, NESE-нің негізін қалаушы (және қазіргі президенті) Гарвард университетінің жоғары педагогикалық мектебінде магистр дәрежесін алу барысында жүргізген талдаулардың нәтижесі болып табылады. Эффективті мектеп және сынып орталарын зерттеу оған NESE-ні,

 яғни, сабақта мінсіздікке ұмтылуға, барлық адамдарға құрметке, әрбір студенттің жетістікке жету қабілетіне сенімділікке және әрбір студенттің ерекше қажеттіліктері мен мақсаттарының оның жетістікке жетуінің бір шарты болғанын қабылдауға  бағытталған мектепті құру мүмкіндігін берді.

An Exceptional Group of Educators

Мұғалімдердің айрықша тобы

NESE-мен ТАНЫСУ: ӨЗ АРТЫҚШЫЛЫҒЫМЕН ТАНЫЛҒАН МЕКТЕП

Бейнені көру үшін төмендегі сілтемені басыңыз: Неге NESE: Артықшылық

Бұл сайт JavaScript, CSS, HTML5 және WebFonts сияқты заманауи технологияларды пайдаланады; сондықтан, бұл заманауи браузерлерде жақсы көрінеді. Біз осы вебсайт үшін негізгі браузер ретінде Google Chrome, Apple Safari немесе Firefox пайдалануды ұсынамыз.

Copyright © 2022 The New England School of English, Inc. All rights reserved.