Неге NESE

Looking For a First-Class English School?

WHY NESE IS THE RIGHT CHOICE!

Мәзір

NESE-нің индивидуалды тіл меңгеру әдісі

АҒЫЛШЫН ТІЛІН МЕҢГЕРУДІҢ КЕПІЛДІГІ

Төменде, осы әдісті құрайтын төрт қадам келтірілген:

 

NESE әр студенттің өз оқу стилі, мақсаттары мен қиындықтары бар екенін мойындайтындықтан, оқу үрдісін барынша ынталандыру үшін, осы айырмашылықтармен жұмыс істеуге үлкен көңіл бөледі. Мысалы, орналастыру сынағының нәтижелері бойынша, сіз жазуға қарағанда жақсы сөйлей аласыз. Тиісінше, сізді сөйлеу дағдысының деңгейі неғұрлым жоғары және жазу дағдысының деңгейі неғұрлым төмен топқа орналастырады. Ары қарай, келесі деңгейге сіз ұстазыңызбен бірге, мүддеңізге тура келетінін анықтағанда, әрбір дағды бойынша жеке-жеке өтесіз, бұл сізге NESE-нің барлық 10 деңгейін жеке қарқында өтуге мүмкіндік береді. NESE-нің оқыту әдістері мен бағдарламасын әрбір студент үшін жекелендірілген бағдарлама құратындай бейімдеу қабілеті NESE-нің барлық студенттерінің академиялық жетістіктері үшін маңызды және NESE мектебінің осындай беделге ие болу себептерінің бірі болып табылады.

 

 

 

Жеке тұлғаға бейімделген бағыт

 

 

 

 

Студент NESE-ге алғаш келгенде, оны барлық дағдылар түрі бойынша деңгейін анықтау үшін толық бағалайды. Әрбір студент оған ең жылдам оқытуды қамтамасыз ететін академиялық деңгейге түскенімен, NESE бұл орналастыру жеткіліксіз екенін түсінеді. Нәтижесінде, NESE-де барлық сыныптар жас ерекшеліктеріне қарай да бөлінеді. Бұлайша бөлу NESE-де оқитын маман студенттер кәсіби қажеттіліктеріне бейімделген маңызды ортада оқығысы келетін мамандармен бір топта болатынын білдіреді. Сонымен қатар, NESE-де оқитын жас студенттер де отандарынан қашықта жүрген жастарда кездесетін түрлі қажеттіліктер мен қиындықтарды ескеретін сыныптарға орналастырылады.

 

 

 

 

NESE-де дағдыларды бағалау

 

 

 

 

NESE-ге орналастыру сынағы сыртқы ұйымдардан қолдау көрген, нақты да барлық дағдыларды қамтитын болғанымен, кез-келген басқа орналастыру сынағы сияқты оның нәтижелерін әр адамның ерекше жағдайлары бойынша қарастыру қажет. Мысалы, егер студент өз күшіне сенімді болмаса, оған төменгі деңгейге өту дұрыс шешім болатыны жөнінде академиялық директормен сөйлесу керек. Сонымен қатар, егер студент сабақты тым жеңіл санаса, ол өз мақсаттары жөнінде ұстазымен және NESE академиялық директорымен талқылай алады, нәтижесінде, ол бастапқы төменгі деңгейдегі орналасуына қарамастан, жоғары деңгейге өте алады. Академиялық директор мен мектеп директорының кеңсесі әрдайым ашық. NESE және оның студенттерінің мақсаты бір - оқытуды барынша жақсарту.

 

 

 

Деңгейді үнемі қайта бағалау

 

 

 

 

NESE қызметкері әрдайым сізге көмек көрсетуге дайын - сізбен сыныбыңыздың деңгейі жайлы, тұрғын үйіңіз, тіпті автомобиль жалға алу немесе тіс дәрігерін іздеу сияқты практикалық мәселелерді талқылау. NESE философиясы дегеніміз - бұл жылы және қолайлы ортада жоғары сапалы интеллектуалды ынталандыратын бағдарламамен қамтамасыз ету. Дегенмен, осындай ортада да тек сыныпта ғана емес, сыныптан тыс жерде де қолдау мен қамқорлықты сезгенде ғана табысқа жетуге болады. NESE-де сізге әрдайым көмек көрсетуге әзір.

 

 

 

Әрқашан қолжетімді кеңестер

 

 

 

NESE-нің негізгі мақсаты - әрбір студенттің білім алу мүмкіндігін арттыратын орта құру арқылы, барлық NESE студенттерінің академиялық жетістігін қамтамасыз ету.

Үздік мектептер барлық студенттерге олардың академиялық қабілеттеріне қарамастан, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, үздік мектептер барлық студенттерді өздерінің күшті жақтарын дамытуға ынталандырады. Сондықтан, NESE жоғары сапалы курстар мен ең тәжірибелі мұғалімдердің қызметтерін ұсынатындығына қосымша, біз әрбір студенттің өз мақсатына жетуіне көмектесу үшін тоқтамай алға қарай жүруіміз керектігін түсінеміз.

Осы себепті, NESE индивидуалды тіл меңгеру әдісін жасады, ол әрбір студентті өзіндік оқу стилі, қажеттіліктері мен мақсаттары бар жеке тұлға ретінде танитын жүйе.

Оқушының деңгейіне, мәдениетіне, жасына немесе өзіндік қажеттіліктеріне қарамай, NESE индивидуалды тіл меңгеру әдісі әрбір оқушыға ағылшын тілін үйрену үшін және американдық мәдениетті мүмкіндігінше тез әрі тиімді түсіну үшін қажетті қолдау көрсетеді.

NESE’s Personalized Language Acquisition Method

Бұл сайт JavaScript, CSS, HTML5 және WebFonts сияқты заманауи технологияларды пайдаланады; сондықтан, бұл заманауи браузерлерде жақсы көрінеді. Біз осы вебсайт үшін негізгі браузер ретінде Google Chrome, Apple Safari немесе Firefox пайдалануды ұсынамыз.

Copyright © 2022 The New England School of English, Inc. All rights reserved.