Жаңалықтар

Мәзір

NESE өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтуде!

Бауырларымызға деген сыпайылық және қайырымдылықтың қуатын тануға алып келген осы бір керемет сапарымызда бізбен бірге болғандарға алғысымызды білдіргіміз келеді. Көпшілігіңіз білетіндей, NESE студенттері, оқытушылары және қызметкерлері 100-ден астам елден келеді. Олардың арасында барлық ірі діндердің, барлық дерлік этникалық топтардың өкілдері бар, олар қабілеттіліктер мен шектеулердің барлық деңгейлерін қамтиды. Арамыздағы үлкен айырмашылықтарға қарамастан, NESE тек ағылшын тілін үйретіп қана қоймай, сонымен қатар, көп

 нәрсені ұстануға тырысады; біз әрдайым барлық адамдарға қатысты жеккөрушілікті, төзімсіздікті және кемсітушілікті болдырмауға шақырамыз. Студенттер NESE-де оқуын аяқтаған кезде, ағылшын тілін жақсы меңгергеніне сенімді болып қана қоймай, сонымен қатар, бәріміз бір-бірімізге деген сыйластықпен біріккен адамзаттың бөлігі екендігімізге көз жеткізеді. Осы жетістіктің бір бөлігі болғаныңыз үшін сіздерге алғысымызды білдіреміз.

Anna Shine - Founder & President of NESE

Үстіміздегі жылдың маусым айында, NESE-ге 25 жыл толды және сіздерге NESE туралы кейбір фактілерді білген қызықты болар деген ойдамыз:

  • Алғашқы сессия кезінде NESE-де тек 11 ғана студент болды.
  • NESE Бостонның маңында орналасқан Оберндейлде Lasell College университет қалашығында жұмысын бастаған.
  • Ашылғаннан кейін екі ай өткенде, түнде оқу ғимаратын тонап кетті, одан барлық дерлік мүлікті алып кетті - компьютерлер мен кілемдер, тіпті үстелдер мен орындықтарды да!
  • Алғашқы директор, академиялық директор, тұрғын үй директоры және бақыт директоры бір ғана адам болды.
  • 1991 жылдың қаңтарында, NESE өзінің Гарвард алаңындағы қазіргі орнына көшті - ол кезде бізде тек 3 сынып бар еді.
  • Біраз NESE студенттері отбасын құрды.
  • Біраз NESE студенттері мен мұғалімдері отбасын құрды.
  • 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі террористік шабуылдар және салдарынан туған виза мәселелерінен кейін, NESE-дегі студенттер саны күрт төмендеді.
  • NESE шамамен 300 000 қорытынды емтихандарын түзетті.
  • NESE-де 100-ден астам елдің, соның ішінде Бутан, Нигерия, Тибет және Мартиниканың студенттері оқыды.
  • Кейбір қызметкерлер NESE-мен 18 жылдан бері жұмыс істеп келеді, ал бірнеше адам мектепте бірнеше позицияны иемденді.
  • Қазіргі таңда, NESE әлемдегі ең үздік және ең беделді тіл мектептерінің бірі болып саналады.
  • NESE-де танымал студенттер дәріс алған: көрнекті саясаткерлер, актерлер, музыканттар, ғалымдар, сондай-ақ, заң, бизнес және медицина саласындағы көшбасшылар, тіпті бұрынғы Әлем аруы да. Кейбір NESE студенттері NESE шәкіртақысымен оқыды: тазалықшылар, кассирлер және босқындар. NESE барлық студенттерін жақсы көреді.

Бұл сайт JavaScript, CSS, HTML5 және WebFonts сияқты заманауи технологияларды пайдаланады; сондықтан, бұл заманауи браузерлерде жақсы көрінеді. Біз осы вебсайт үшін негізгі браузер ретінде Google Chrome, Apple Safari немесе Firefox пайдалануды ұсынамыз.

Copyright © 2022 The New England School of English, Inc. All rights reserved.